Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерінбелгілеудің және мұқтаж азаматтардыңжекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қарашада № 7418-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Oсы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Oсы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік – экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

  Железин аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
16 қарашадағы № 63/8
шешіміне 1-қосымша

Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына, сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы

      бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Железин ауданының бөлімі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железин ауданының ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін уәкілетті орган ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір-радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      8) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық

      апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар (тұғалар, зейнеткерлер);

      Зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар (тұғалар, зейнеткерлер);

      8) мүмкіндігі шектеулі адамдар, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүмкіндігі шектеулі адамдар оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      кәмелетке толмаған балалары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда:

      жетім балалар;

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы екінші тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір есе мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасының қатарындағы балалар;

      11) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуі, не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болған азаматтарға (отбасына);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      10 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдер (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);

      бір жасқа дейінгі балалары бар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж азаматтар (отбасылар);

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген кезде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын отбасылар;

      12) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.

      7. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1)атаулы мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне 6-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында, 4) тармақшасының екінші абзацында, 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Халықаралық әйелдер күніне 6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне 6-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацында, 4) тармақшасының үшінші абзацында, 6) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне 6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында және 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне 6-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының бесінші абзацында, 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында және 6) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 6-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 6-тармақтың 8) тармақшасының екінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының күніне 6-тармақтың 7) тармақшасында және 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде.

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), алтыншы абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 (жүз жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 6- тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында санаттар үшін сауықтыруға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), алтыншы абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде заңды өкілдердің бірін алып жүру жөніндегі шығындарды өтеуге арналған 6- тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде санаторлық-курорттық емделуге;

      6-тармақтың 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, жетінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) 4 (төрт) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), екінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуі 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), жетінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), бесінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде 6-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін төленеді;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), үшінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде қант диабеті аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде.

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға) 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      6- тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      6- тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 4) тармақшасында, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 6 (алты) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      6- тармақтың 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 2 (екі) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде.

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      6- тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін" 3 (үш) АЕК мөлшерінде ауылдық округ әкімдіктерінің тізімі негізінде;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында (перитонеальді диализге және гемодиализге мұқтаж емделу және қаралу) көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағуға әрбір балаға ақы төлеу үшін, құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде 6- тармақтың 8) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

      Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 12 (он екі) АЕК мөлшерінде;

      6-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде.

      8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде 6-тармақтың 10) тармақшасында төртінші абзацында көрсетілген санат үшін төленеді;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде 16,5 (он алты бүтін оннан бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін біржолғы әлеуметтік көмек;

      тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарт негізінде, пештік жылытуды растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде, 13 (он үш) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға 6- тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін.

      ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      6-тармақтың 10) тармақшасында төртінші абзацында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1), 2), төртінші абзацында 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса бере отырып өтініш негізінде әр балаға 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 6-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін".

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін жергілікті атқарушы орган бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларының 11-24 тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

      12. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Железин аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
16 қарашадағы № 63/8
шешіміне 2-қосымша

Железин аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген).

      2. Железинка аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 97/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26471 болып тіркелген).

      3. Железинка аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 133/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27530 болып тіркелген).

      4. Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдегі "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 162/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29009 болып тіркелген).

      5. Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 214/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31311 болып тіркелген).

      6. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 37/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7352-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады