Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 97/7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26471 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 63/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Железин аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;";

      6-тармақтың 12-3) тармақшасы алып тасталсын;

      12-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының хатшысы П. Лампартер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады