Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 2/348 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 маусымда № 1725 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-5) тармақшасына және 62 бабының 6-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 16 маусымдағы
№ 2/348
Қаулысына қосымша

2023 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік
білім беру тапсырысы

Мамандар

Жеке сабақтар
(1 сағат, теңге)

Кіші топтық сабақтар
(1 сағат, теңге)

Топтық сабақтар
(1 сағат, теңге)

Психолог

7216

2548

1214

Логопед

7619

2682

1272

Дефектолог

7755

2728

1291

Тифлопедагог

7729

2719

1288

Олигофренопедагог

7917

2782

1314

Сурдопедагог

7593

2674

1268

ЕДШ нұсқаушысы

7212

2593

1273


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады