"Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 7480-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4420 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1. Көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 8 (сегіз) теңге көлемінде белгіленсін".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Солтүстік Қазақстан облыстық

      мәслихаты

      "___" ___________ 2023 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады