Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 1189 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 7576-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының әкімі
С. Мухамедиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Петропавл қалалық

      мәслихаты

  Петропавл қаласы әкімдігінің
  2023 жылғы "19" қыркүйектегі
  № 1189 қаулысына қосымша

Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) "Петропавл қаласының қалалық және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 463 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4137 болып тіркелген);

      2) "Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6869 болып тіркелген);

      3) "Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1547 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31091 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады