Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.";
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Абулкаирова |