Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің Амандық, Ильичевка және Аймақ ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 сәуірде № 7459-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Амандық, Аймақ, Ильичевка ауылдары халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Амандық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атаусыз көшеге - Жақан Сыздықов көшесі;

      атаусыз көшеге - Абылай хан көшесі;

      атаусыз көшеге – Тезекбай көшесі;

      атаусыз көшеге – Интернациональная көшесі.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Ильичевка ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атаусыз көшеге – Нефтебаза көшесі;

      атаусыз көшеге – Станционная көшесі.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Аймақ ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атаусыз көшеге - Шоқан Уәлиханов көшесі;

      атаусыз көшеге – Гагарин көшесі;

      атаусыз көшеге – Железнодорожная көшесі;

      атаусыз көшеге – Бейбітшілік көшесі;

      атаусыз көшеге – Юбилейная көшесі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Тасимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады