Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі елді мекендерінің кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 2 шешімі. Солтүстіқ Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 7441-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 16 сәуірдегі Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі елді мекендерінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Ысқақ Ыбыраев ауылында:

      Есильская көшесін Қабиден Шәйінов көшесіне;

      Строительная көшесін Қапез Әлжанов көшесіне;

      Центральная көшесін Ережеп Есетов көшесіне;

      Школьная көшесін Шияп Садықов көшесіне;

      2) Қаратал ауылында:

      Центральная көшесін Бекмырза Бименды көшесіне;

      3) Көктерек ауылында:

      Южная көшесін Ахметжан Нұртазин көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Шаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады