Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 51-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 5106-06 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индер аудандық
мәслихат төрағасы
А. Рамазанов

  Индер аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
30 қарашадағы № 51-VIII
шешіміне қосымша

Индер аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Индер ауданының Индербор кенті және ауылдық округтердегі қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Бөдене ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 361-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4616 болып тіркелген) шешімі;

      3) "Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200-VI "Индер ауданының Индербор кенті және ауылдық округтердегі қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 65-VII шешімі;

      4) "Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 361-VI "Бөдене ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 66-VII шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады