Түркістан облысы Кентау қаласының және Сауран ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13-VIII бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 80 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 24 шілдеде № 6331-13 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес және Кентау қаласы мен Сауран ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасына Сауран ауданының 75552,0 гектар жерлерін қосу арқылы Кентау қаласының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 128319,0 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасына Сауран ауданының жалпы көлемі 75552,0 гектар жерлерін қосу жолымен Сауран ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 646193,0 гектар болып белгіленсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Кенжеханұлы
      Түркістан облыстық
      мәслихатының төрағасы Н. Абишов

  Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 2 мамырдағы № 80 мен
Түркістан облыстық мәслихатының
2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13-VIII
бірлескен қаулы және шешімнің
қосымшасы

Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы


р/н

Ауданның атауы жерлердің жалпы көлемі, (гектар)

Жерлердің көлемі, (гектар)


оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, (гектар)

елді мекендер жерлері (гектар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

орман қорының жері (гектар)

су қорының жері (гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Сауран ауданынан Кентау қаласының шекарасына берілетін жалпы жер көлемі

75552,0

39693,09

607,4

335,43

34424,1

-

491,98

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады