Кентау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 534 "Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2023 жылғы 8 қарашадағы № 325 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 13 қарашада № 6402-13 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы "Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 534 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26252 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 8 қарашадағы № 325

Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Кентау қаласы

2,15

2

Ащысай аулы

1,85

3

Байылдыр ауылы

1,95

4

Қарнақ ауылы

1,95

5

Хантағы ауылы

1,90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады