ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Үсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Г. Усенбаев |
Кентау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 534 қаулысына қосымша |
Кентау қаласында және оның ауылдарында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 08.11.2023 № 325 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Кентау қаласы | 2,15 |
2 | Ащысай аулы | 1,85 |
3 | Байылдыр ауылы | 1,95 |
4 | Қарнақ ауылы | 1,95 |
5 | Хантағы ауылы | 1,90 |