Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 11-82-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 28 қарашада № 6412-13 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 4-44-VІІІ шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6317-13 тіркелген) Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы мен елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу жобасы схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 - баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4 және 5 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға арттырылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады