Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылының тұйық көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 ақпанда № 8367-11 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мәдениет ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылындағы Айнаш Балғабаева тұйық көшесі Көшекбай Ералиев тұйық көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәдениет ауылдық округінің әкімі А. Мустафаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады