Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 8-15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 7234-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырым аудандық мәслихат төрағасы Ш. Дуйсенгалиева

  2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 8-15 шешіміне
қосымша

      1. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27746 болып тіркелген);

      2. Сырым аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31406 болып тіркелген);

      3. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195-07 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады