Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 7302-07 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 14-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 14-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7173-07 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады