Теректіа уданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 14-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 7350-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7173-07 болып тіркелді);

      2) Теректі аудандық мәслихатының "Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302-07 болып тіркелді).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев

  Теректі аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 14-1 шешіміне қосымша

Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда, тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.  

      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі-Қағидалар) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есептейді.

      6. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді арттыру бөлігінде байланыс қызметтеріне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығымен бектілген әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб – порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2 – қосымшасында көзделген.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11 – тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын кұжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші тоқсан сайын, екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады