"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 33943 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      15-тармақтың 14-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) Заңның 25-бабының 6-2-тармақшасына сәйкес ақпараттандыру объектілерінен алынған табиғи монополия субъектісінің қуатын нақты пайдалану туралы деректер;";

      247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "247. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:

      1) бірінші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемдері және ыстық сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      2) екінші топ – өзге де тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар;

      3) үшінші топ – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар.

      Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

      1-кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді 1 адамға айына 3 м3- -ге дейін тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

      2-кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді 1 адамға айына 3 м3-ден 5 м3-ге дейін тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

      3-кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді 1 адамға айына 5 м3-ден 10 м3-ге дейін тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемдері және ыстық сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      4-кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді 1 адамға айына 10 м3-ден асыра тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар.";

      мынадай мазмұндағы 247-1-тармақпен толықтырылсын:

      "247-1. Тұтынушылардың бірінші тобы "халық санатына жататын жеке тұлғалардың" 2, 3, 4-кіші топтарының тарифтерді қолдануы кезінде табиғи монополия субъектісі алған қосымша кіріс реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жұмсалады.

      Уәкілетті орган бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау кезінде қосымша кірістің мақсатқа сай пайдаланылмауын анықтаған жағдайда, негізсіз кіріс табиғи монополия субъектісінің бекітілген барлық кірісінен алып тасталады.";

      мынадай мазмұндағы 249-1-тармақпен толықтырылсын:

      "249-1. Бірінші топтың мынадай санаттары үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф мына формулалар бойынша айқындалады:

      Тх1 = Тх

      Тх2 = 1,2*Тх

      Тх3 = 1,5*Тх

      Тх4 = 2*Тх

      мұндағы,

      Тх1 – 1-кіші топтың тарифі;

      Тх – осы Қағидалардың 249-тармағына сәйкес айқындалған тариф.

      Тх2 – 2-кіші топтың тарифі;

      Тх3 – 3-кіші топтың тарифі;

      Тх4 –4-кіші топтың тарифі.";

      268-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "268. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф тұтынушылар топтары бойынша, оның ішінде жылу энергиясын тұтынуды есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына және (немесе) үй-жайдың жылытылатын ортақ алаңына қарай сараланады.

      Тұтынушылар топтарына арналған тарифтер осы Қағидалардың 2-параграфының 3-бөліміне сәйкес Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған тарифке сүйене отырып, мыналарды:

      тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейін;

      инфляцияға әсерді;

      жылу энергиясын тұтыну құрылымын;

      өнеркәсіптік өндірістің даму деңгейін;

      энергияны үнемдеу үшін ынталандыру жасауды ескере отырып айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 272-1, 272-2 және 272-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "272-1. Жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:

      1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін";

      2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2-ге дейін";

      3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2 -ден астам.

      272-2. Кіші топтар үшін жылу энергиясымен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф былайша айқындалады:

      1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін:

      Tх1 = Тх, мұндағы:

      Тх1– халық санатына жататын жеке тұлғалар – 1-кіші топ тарифі;

      Тх – осы Қағидалардың 270-тармағына сәйкес айқындалған тариф;

      2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2 -ге дейін;

      Tх 2=Тх*1.1, мұндағы:

      Тх2 – халық санатына жататын жеке тұлғалар – 2-кіші топ тарифі.

      Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері халықтың 1-кіші тобына сияқты қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифы қолданылады.

      3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2-ден астам:

      Tх3=Та, мұндағы,

      Тх3 – халық санатына жататын жеке тұлғалар – 3-кіші топ тарифі;

      Tа – жылу энергиясымен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне арналған (орташа босату тарифі), осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф.

      Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері халықтың 1 және 2-кіші тобына сияқты қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифы қолданылады.

      272-3. Тұтынушылардың бірінші тобы "халық санатына жататын жеке тұлғалардың" 2 және 3-кіші топтарының тарифтерді қолдануы кезінде табиғи монополия субъектісі алған қосымша кіріс реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жұмсалады.

      Уәкілетті орган бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау кезінде қосымша кірістің мақсатқа сай пайдаланылмауын анықтаған жағдайда, негізсіз кіріс табиғи монополия субъектісінің бекітілген барлық кірісінен алып тасталады.

      Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізу кезінде бекітілген барлық кірістен мақсатқа сай пайдаланылмаған қосымша кіріс сомасын алып тастайды.";

      341-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сатып алынатын негізгі құралдардың, құралыс-монтаждау жұмыстарының құнын көрсете отырып, бағалар деңгейінің салыстырмалы талдауын, оның ішінде мұндай жұмыстарды жүргізу қажеттігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есептеулерді, әрбір объект бойынша объектілік, жергілікті және ресурстық сметаларды, бизнес-жоспарды, прайс-парақтарды, шарттар көшірмелерін, белгіленген қағидалармен (болған жағдайда) сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпарат.

      Инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінішті қарау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісілген эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асырылады;";

      604-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "604. Тарифті өзгертуге берілген өтінімге:

      1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      2) осы Қағидаларға сәйкес Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда тарифтік сметада стратегиялық тауарларды пайдалануды және (немесе) стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтерді (бағаларды) мемлекеттік реттеуді қамтитын шығындар баптары ғана түзетіледі;

      3) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертудің қажеттілігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Стратегиялық тауарлардың құны және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда, тарифті бекітуге берілетін өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу бойынша конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептемелері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген техникалық ысыраптардың есептемелері, стратегиялық тауар шығыстарының нормалары қоса беріледі.

      Уәкілетті орган ведомствосының тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:

      1) осы Қағидалардың 601-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оны ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      2) осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 6), 10) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда оны ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      3) осы Қағидалардың 601-тармағының 12) тармақшасында көзделген жағдайда оны ұсынған күннен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      Стратегиялық тауарлардың құны және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда тарифті бекітуге арналған өтінімге, электр энергиясын беру салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді қоспағанда, конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептемелері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер, стратегиялық тауар шығысының нормалары негізінде жүргізілген техникалық ысыраптар есебі қоса беріледі.

      Электр энергиясын беру салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер стратегиялық тауарлардың құны және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда тарифті бекітуге арналған өтінімге базалық бағаның болжамды мәндерін және тиісті кезеңге арналған болжамды тарифтерді қосымша ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады