"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 ақпанда № 34007 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

66

Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарға апостиль қоюға төлем деректемелері: Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ж/ш 108125, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің kkmfkz2a есеп айырысу шоты kz24070105 ksn0000000 БСН 981140001105 ТМК 911, 991.

      .";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру және құжаттарды алу кезінде күтуге ең көп жол берілетін уақыт – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ) келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.

      ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендірушісі бойынша сәйкестіктері болмаған кезде сұрау салуға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы жауап электрондық құжат түрінде 10 (он) минут ішінде жіберіледі.

      ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері тексеріледі (өңделеді), одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын электрондық цифрлық қолтаңбасың (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.

      Түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қылмыстық іс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілген мәліметтердің болуы туралы хабарлама жібереді.

      Мәліметтер мемлекеттік қызметті көрсету кезінде адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы Комитетте және оның аумақтық органдарында беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезінде сотталғандықты өтеген немесе алып тастаған есепке алынбайды.

      Мәліметтер тексерілген күнгі жағдай бойынша өтініш берілген аймаққа қарамастан беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      жəне аэроғарыш өнеркəсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады