"Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 ақпанда № 34026 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 28.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда:

      46 және 47-тармақ алып тасталсын;

      50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "50. Жобалау көрсеткіштерін түзету мынадай жағдайларда көмірсутектерді барлау кезінде жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) базалық жобалау құжатында көзделген жобаланатын тәуелсіз

      ұңғымалардың санын азайтпай, бұрғылау графигін өзгерту;

      2) жобаланатын ұңғымалардың орналасу жерін түзету;

      3) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемдерін өзгерту;

      4) сынау объектілерін және бұрғыланған және жобаланатын іздестіру және бағалау ұңғымаларындағы санын түзету.";

      52-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "52. Авторлық қадағалау бойынша есеп жасау кезінде жұмыстарды жүргізу барысында алынған ақпарат пайдаланылады, ал нәтижелер ақпараттық есеп түрінде ресімделеді.";

      54 және 55-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "54. Авторлық қадағалау бойынша есеп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін базалық жобалау құжаттарының іске асырылуына авторлық қадағалауларды жасау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жасалады.

      55. Көмірсутектерді барлау кезінде жобалау шешімдердің іске асырылуына жүргізілген авторлық қадағалау бойынша есеп базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасынан өткізілмейді және жер қойнауын пайдаланушы оны көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама тәртібінде электрондық түрде жолдайды.";

      70-тармақ алып тасталсын;

      71 және 72-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "71. Сынап пайдалану кезінде жобалық шешімдердің іске асырылуына авторлық қадағалауды сынап пайдалану жобасын жасаған, тартылатын жобалау ұйымы жүргізеді.

      72. Жобалау көрсеткіштерін түзету мынадай жағдайларда кен орнын (кен орындарының жиынтығын) сынамалық пайдалануды жүргізу кезінде жобалау шешімдерінің іске асырылуын авторлық қадағалау шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) базалық жобалау құжатта көзделген жобаланатын ұңғымалардың санын азайтпай, бұрғылау графигін өзгерту;

      2) жобаланатын ұңғымалардың орналасу жерін түзету;

      3) ұңғымаларды пайдалану режимдерін түзету;

      4) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемдерін өзгерту;

      5) сынау объектілерін және бұрғыланған және жобаланып отырған бағалау және озық өндіруші ұңғымалардағы олардың санын түзету.";

      74 және 75-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "74. Авторлық қадағалау бойынша есеп жасау кезінде сынап пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысында алынған ақпарат пайдаланылады, ал нәтижелер ақпараттық есеп түрінде ресімделеді.

      75. Сынап пайдалану жобасының іске асырылуына жүргізілетін авторлық қадағалау бойынша есепте мына ережелер көрсетіледі:

      1) нақты қол жеткізілген технологиялық өлшемдер мәндерінің жобалау мәндеріне сәйкестігі;

      2) нақты және жобалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың және (немесе) жобалық шешімдердің орындалмау себептері;

      3) жобалық шешімдерге қол жеткізу және сынап пайдалану жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдар.";

      77-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "77. Сынап пайдалану кезінде жобалық шешімдердің іске асырылуына жүргізілетін авторлық қадағалау бойынша есеп базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасынан өткізілмейді және жер қойнауын пайдаланушы оны көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарлама тәртібінде электрондық түрде жолдайды.";

      148 және 149-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "148. Кен орнын игеруге жобалау құжаттарын орындау монитрингі авторлық қадағалау шеңберінде есепті көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға тапсыра отырып, жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаты бойынша жұмысын сүйемелдеуін қамтиды.

      149. Жобалық көрсеткішпен түзету мынандай жағдайларда көмірсутектер кен орнын игеру жобасының іске асырылуын авторлық қадағалау шеңберінде жүзегі асырылады:

      1) базалық жобалау құжатында көзделген ұңғымалардың жалпы жобалау қорын өзгертпей, ұңғыманы енгізу графигін өзгерту;

      2) негізделген қажеттілік болған кезде жобаланатын ұңғымалардың орналасқан жерін түзету;

      3) зерттеу жұмыстарының түрлері мен көлемдерін өзгерту;

      4) сынау объектілерін және кен орнын жете барлау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде бұрғыланған және жобаланатын пайдалану ұңғымалары мен бағалау ұңғымаларының санын түзету.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады