"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабының 1)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 144-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
К. Умаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 Бұйрыққа қосымша |
Қазақтан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері
№ | Консулдық iс-әрекеттердiң атауы | Консулдақ алымның мөлшерлемелері |
1. | Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін өңдеу және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауларды жолдау | |
бір мәрте келу - кету | айлық есептік көрсеткіштің 20%-ы | |
екі немесе одан да көп келу - кету | айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы | |
2. | Құжаттарды заңдастыру (әрбiр құжат үшін) | айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы |