"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34103 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 19125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес әзірленді және Салық кодексіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдаланы тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық кодексі 118-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодексі) 256-бабының 3-тармағында және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 3-тамағында белгіленген жағдайларда банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрғанда;

      2) Салық кодексінің 122-бабында белгіленген тәртіппен салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен келісімсіз өндіріп алғанда, сондай-ақ Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 2-тармағында және Заңның 31-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларда әлеуметтік төлемдерді өндіріп алған кезде;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады