"Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 84-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 наурызда № 34106 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құрметті атақ Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті (демеушілік, меценаттық, филантропиялық, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді) жүзеге асыратын қайырымдылық субъектілеріне (қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері) конкурс негізінде беріледі.

      4. Құрметті атақ мынадай:

      ірі әлеуметтік жобаларды, оның ішінде кіші отанды дамытуға және қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру;

      аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған/өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсету;

      төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ аумақтарға көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету;

      ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт саласында қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның тарихи және этномәдени игілігін сақтауға көмектесу;

      жануарларға қайырымдылық көмек көрсету;

      кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік қайырымдылықты дамыту бағыттары бойынша қайырымдылық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.";

      10-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрыққа сәйкес Комиссияның құрамын қайта қарайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрметті атақтар беруге ұсыныстарды (бұдан әрі – ұсыныс) қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырады.

      Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға құжаттарды жыл сайын 1 шілдені қоса алғанда мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда);

      2) хабарландыруда көрсетілген уәкілетті органның электрондық мекенжайына (PDF форматында) береді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті орган құрметті атақ беру үшін үміткерге (7 парақтан аспайтын) ұсыныстарды келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссия мүшелері Уәкілетті органнан ұсыныстарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бағалау парақтарын толтыра отырып, төменде санамаланған өлшемшарттар бойынша ұсыныстарды зерделейді және 0-ден 5 балға дейін бағалайды:

      1) әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

      2) қайырымдылық қызметтің сандық нәтижелерінің болуы;

      3) қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері.

      Әрбір өлшемшарт бойынша балдар жинақталады және жалпы балл шығарылады.

      Уәкілетті орган бағалау парақтарын тексереді және электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы жіберілетін жұмыс тобы мүшелерінен бағалау парағын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жұмыс тобы мүшелерінің үміткерлерді бағалауының жалпы қорытындысын шығарады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Құрметті атақ беруді Уәкілетті органның бірінші басшысы немесе басқа да лауазымды адамдары салтанатты жағдайда жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Құрметті атақ "Қайырымдылық үшін" төсбелгісімен белгіленеді.

      Құрметті атаққа ие болған адамдарға осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.";

      20-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 84-НҚ бұйрығына
1-қосымша
  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсыныс

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) __________________________

      2. Туған күні (жылы, күні, айы)_______________________________

      3. Туған жері____________________________________________________

      (республика, облыс, қала, аудан, ауыл)

      4. Жынысы _____________________________________________________

      5. Білімі________________________________________________________

      (оқу орнының атауы, бітірген жылы)

      6. Білімі бойынша мамандығы______________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болған кезде)

      _______________________________________________________________

      8. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы

      _______________________________________________________________

      9. Қандай мемлекеттік наградалармен наградталды және наградтау күндері

      _________________________________________________________

      10. Үйінің мекенжайы__________________________________________

      11. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________

      12. Саладағы жұмыс өтілі__________________________________________

      13. Қайырымдылық саласындағы жұмыс тәжірибесі___________________

      14. Үміткердің нақты сіңірген айрықша еңбегін көрсете отырып, сипаттама беру

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      15. Қайырымдылық саласының дамуына қосқан әлеуметтік үлесі және оның нәтижелері туралы ақпарат (әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін, көрсетілген/көрсетіп жатқан қайырымдылық қызметінің санын және қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың әсерін көрсету)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      16. Қосымша ақпарат (дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар, мақалалар, жарияланымдар, мемлекеттік наградалармен наградтау туралы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларына сілтемелер)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      17. Кандидатура талқыланып, (ұйым үшін)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №____)

      ____________________________________________________________________

      ұсынылды.

      Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсынылады.

      Ұсынысты жіберетін адам_______________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      _________жылғы "___"_____________

      (Мөрдің орны)

      (бар болған кезде)

      Ескертпе: атақ берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде транскрипциясын міндетті түрде көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы "__" _______
№ __ бұйрығына
2-қосымша
  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде):

      _____________________________________________________________

      Толтырылған күні:_____________________________________________

      Іріктеу өлшемшарттары:

      1. Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері өте жақсы – 5 балл);

      2. Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы (нәтиже жоқ – 0 балл, деңгейі төмен – 1-2 балл, қызмет деңгейі орташа – 3-4 балл, деңгейі жоғары – 5 балл);

      3. Қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері орнықты – 5 балл).

Атауы/
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі

Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы

Қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері

Балл сомасы

Түсіндірме

1







2







      (Қолы)

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы "__" _______
№ __ бұйрығына
3-қосымша
  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
2-1-қосымша

"Қайырымдылық үшін" төсбелгісінің сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) "Қайырымдылық үшін" төсбелгісі Қазақстан Республикасында қайырымдылық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін азаматтарды қоғамдық тану және көтермелеу белгісі болып табылады.

      "Қайырымдылық үшін" төсбелгісі белгіден және тағаннан тұрады.

      Төсбелгі алтын түстес жез металдан жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер түрінде болады.

      Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе күннің бейнесі жасалған, оның ішінде қызыл жүрек пен көк түсте алақан орналасқан.

      Медальдің сыртқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН ____ ж." деген жазу бар жүрек орналасқан.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы алтын түстес жез металдан жасалған ені 24 мм тікбұрышты планкаға жалғасады. Орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналасқан. Таған қатқыл лентамен көмкерілген.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеті ернеумен жиектелген. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орнатылған.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады