Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қыркүйекте № 29542 болып тіркелді.

      "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 383 Бұйрықпен
бекітілген

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайырымдылық саласындағы құрметті атақ (бұдан әрі – құрметті атақ) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) демеушілік қызмет – демеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;

      2) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

      3) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;

      4) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;

      5) қайырымдылық волонтері – қайырымдылық жасаушымен жасалған шарттың негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қайырымдылыққа қатысатын жеке адам;

      6) қайырымдылық ұйымы – Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;

      7) меценаттық қызмет – меценаттың Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;

      8) филантропиялық қызмет – филантроптың Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі.

      3. Құрметті атақ Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті (демеушілік, меценаттық, филантропиялық, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді) жүзеге асыратын қайырымдылық субъектілеріне (қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері) конкурс негізінде беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Құрметті атақ мынадай:

      ірі әлеуметтік жобаларды, оның ішінде кіші отанды дамытуға және қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру;

      аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған/өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсету;

      төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ аумақтарға көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету;

      ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт саласында қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның тарихи және этномәдени игілігін сақтауға көмектесу;

      жануарларға қайырымдылық көмек көрсету;

      кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік қайырымдылықты дамыту бағыттары бойынша қайырымдылық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру тәртібі

      5. Құрметті атақ беру қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірінші басшысының бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) құрылған Құрметті атақ беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      6. Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылар мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан қалыптастырылады.

      7. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      8. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      9. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде он бес адамды құрайды.

      10. Комиссия құрамына құрметті атақ алуға үміткерлер кірмейді.

      Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде, Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы туралы Комиссия төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Комиссияның төрағасы мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдайды:

      1) мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру жолымен оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі. Дауыстар саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;

      2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрыққа сәйкес Комиссияның құрамын қайта қарайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Құрметті атақтар беруге ұсыныстарды (бұдан әрі – ұсыныс) қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырады.

      Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға құжаттарды жыл сайын 1 шілдені қоса алғанда мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда);

      2) хабарландыруда көрсетілген уәкілетті органның электрондық мекенжайына (PDF форматында) береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар жібереді.

      13. Уәкілетті орган құрметті атақ беру үшін үміткерге (7 парақтан аспайтын) ұсыныстарды келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Уәкілетті орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде электрондық пошта арқылы Комиссия мүшелеріне үміткерлердің ұсыныстарын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалау парақтарын жібереді.

      15. Комиссия мүшелері Уәкілетті органнан ұсыныстарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бағалау парақтарын толтыра отырып, төменде санамаланған өлшемшарттар бойынша ұсыныстарды зерделейді және 0-ден 5 балға дейін бағалайды:

      1) әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

      2) қайырымдылық қызметтің сандық нәтижелерінің болуы;

      3) қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері.

      Әрбір өлшемшарт бойынша балдар жинақталады және жалпы балл шығарылады.

      Уәкілетті орган бағалау парақтарын тексереді және электрондық пошта және (немесе) веб-портал арқылы жіберілетін жұмыс тобы мүшелерінен бағалау парағын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жұмыс тобы мүшелерінің үміткерлерді бағалауының жалпы қорытындысын шығарады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Құрметті атақ беруге кандидатураны бекіту туралы Комиссияның шешімі Комиссия отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Кандидат осы Қағидаларға № 2 қосымшаға сәйкес бағалау парағын іріктеудің үш өлшемшарттың бірінде "0" балл алған кезде құрметті атақ берілмейді.

      17. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      18. Құрметті атақ беруді Уәкілетті органның бірінші басшысы немесе басқа да лауазымды адамдары салтанатты жағдайда жүргізеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-1. Құрметті атақ "Қайырымдылық үшін" төсбелгісімен белгіленеді.

      Құрметті атаққа ие болған адамдарға осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.

      Ескерту. Қағидалар 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Құрметті атаққа ие болған адамдарды есепке алуды Уәкілетті органның Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.

      20. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсыныс

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) __________________________

      2. Туған күні (жылы, күні, айы)_______________________________

      3. Туған жері____________________________________________________

      (республика, облыс, қала, аудан, ауыл)

      4. Жынысы _____________________________________________________

      5. Білімі________________________________________________________

      (оқу орнының атауы, бітірген жылы)

      6. Білімі бойынша мамандығы______________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болған кезде)

      _______________________________________________________________

      8. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы

      _______________________________________________________________

      9. Қандай мемлекеттік наградалармен наградталды және наградтау күндері

      _________________________________________________________

      10. Үйінің мекенжайы__________________________________________

      11. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________

      12. Саладағы жұмыс өтілі__________________________________________

      13. Қайырымдылық саласындағы жұмыс тәжірибесі___________________

      14. Үміткердің нақты сіңірген айрықша еңбегін көрсете отырып, сипаттама беру

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      15. Қайырымдылық саласының дамуына қосқан әлеуметтік үлесі және оның нәтижелері туралы ақпарат (әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін, көрсетілген/көрсетіп жатқан қайырымдылық қызметінің санын және қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың әсерін көрсету)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      16. Қосымша ақпарат (дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар, мақалалар, жарияланымдар, мемлекеттік наградалармен наградтау туралы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларына сілтемелер)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      17. Кандидатура талқыланып, (ұйым үшін)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №____)

      ____________________________________________________________________

      ұсынылды.

      Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсынылады.

      Ұсынысты жіберетін адам_______________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      _________жылғы "___"_____________

      (Мөрдің орны)

      (бар болған кезде)

      Ескертпе: атақ берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде транскрипциясын міндетті түрде көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша толтырылады.

  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде):

      _____________________________________________________________

      Толтырылған күні:_____________________________________________

      Іріктеу өлшемшарттары:

      1. Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері өте жақсы – 5 балл);

      2. Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы (нәтиже жоқ – 0 балл, деңгейі төмен – 1-2 балл, қызмет деңгейі орташа – 3-4 балл, деңгейі жоғары – 5 балл);

      3. Қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері орнықты – 5 балл).

Атауы/
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі

Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы

Қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері

Балл сомасы

Түсіндірме

1







2







      (Қолы)

  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
2-1-қосымша

"Қайырымдылық үшін" төсбелгісінің сипаттамасы

      Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) "Қайырымдылық үшін" төсбелгісі Қазақстан Республикасында қайырымдылық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін азаматтарды қоғамдық тану және көтермелеу белгісі болып табылады.

      "Қайырымдылық үшін" төсбелгісі белгіден және тағаннан тұрады.

      Төсбелгі алтын түстес жез металдан жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер түрінде болады.

      Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе күннің бейнесі жасалған, оның ішінде қызыл жүрек пен көк түсте алақан орналасқан.

      Медальдің сыртқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН ____ ж." деген жазу бар жүрек орналасқан.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы алтын түстес жез металдан жасалған ені 24 мм тікбұрышты планкаға жалғасады. Орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналасқан. Таған қатқыл лентамен көмкерілген.

      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеті ернеумен жиектелген. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орнатылған.




  Қайырымдылық саласындағы
құрметті атақ беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге хаттама

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.02.2024 № 84-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады