"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 2024 жылғы 13 наурыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 наурызда № 34150 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:

      4-тармақ алып тасталсын;

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Оқуға түсу емтихандары 5 - 22 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 31 тамызына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Магистратураға оқуға түсуші тұлғаларға келесі талаптар қойылады:

      1) құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте жиырма тоғыз жасқа толуы;

      2) жоғары заң білімінің болуы;

      3) құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі."

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Академияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Академия ректорының атына беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне жолдайды.

      Бұл ретте Академия, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды Сот әкімшілігіне жібермеуге құқылы.

      Шағымды Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Кешенді тестілеу кезеңінде бейінді магистратура бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген)жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленген шекті балды жинаған адамдар кейсті шешуге жіберіледі.

      Кейс шешу кезеңінде кем дегенде 60 балл алған тұлғалар эссе жазуға жіберіледі.

      Эссе жазу кезеңінде кемінде 60 балл алған тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.

      Конкурс үшін балдарды есептеу кезінде түсу емтиханының барлық үш кезеңінің нәтижелері бойынша балдар жинақталады.

      Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және білім алушының өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен түсетін тұлғалар үшін конкурс бөлек өткізіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мамандық бойынша түсу емтиханының екінші және үшінші кезеңдері бойынша даулы мәселелерді шешу үшін Академияның апелляциялық комиссиясы (бұдан әрі - апелляциялық комиссия) құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасымен келісіле отырып, Академия ректорымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссиясы туралы ереже Жоғарғы Сот Төрағасымен келісу арқылы Академия ректорымен бекітіледі.

      Түсу емтиханының бірінші кезеңі бойынша апелляцияға өтініштерді қабылдау бейінді магистратура бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мамандығы бойынша түсу емтиханының екінші және үшінші кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген оқуға түсетін адам келіспеу себептерін негіздей отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының апелляциялық комиссиясы туралы Ережеде көзделген тәртіппен апелляциялық комиссияға өтініш береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен оқуға түсетін тұлғалар үшін магистранттар қатарына қабылдау мамандық бойынша түсу емтиханының үш кезеңі балдарының қосындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Түсу емтиханының екінші және үшінші кезеңдерін бағалау өлшемшарттары - кейс шешімі және эссе жазу - Жоғарғы Сот Төрағасының келісімі бойынша Академия ректоры бекітетін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында мамандығы бойынша емтихан комиссиясы және түсу емтиханын өткізуді ұйымдастыру туралы Ережесімен айқындалады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшада:

      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті фотосуреттер (екі дана);"

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.";

      6-қосымша алып тасталсын;

      7-қосымшада:

      2.1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда магистранттан оның оқуына бөлінген бюджет қаражатын және оқытумен байланысты шығындарды өндіріп алу туралы талапты қоюға";

      2.3-тармақтың 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органның жолдамасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде магистратурада оқуды аяқтау, оның ішінде "7М04201 - Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша жеке жоспарды, жұмыстарды орындай отырып, магистр дәрежесін алу, оған мыналар кіреді:

      жеке оқу жоспары;

      ғылыми-зерттеу жұмысы (магистрлік жоба);

      Астана қаласындағы соттарда практика;

      ғылыми жарияланымдар жоспары;

      Академия белгілеген мерзімде жеке жоспарды орындау туралы есеп;

      қорытынды аттестациядан өту: кешендік емтиханды тапсыру, магистрлік жобаны қорғау;";

      2.3-тармақтың 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) судья лауазымына тағайындауын алмағанда Академияда тікелей оқу аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге;";

      3.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.6. Егер Шарттың 3.2. және 3.3. тармақтарында көзделген негіздер бойынша магистратурадан шығарылған жағдайда, сондай-ақ 2.3-тармақтың 3) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындамағанда, магистрант "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен оның оқуына бөлінген бюджет қаражатын және оқытумен байланысты шығындарды мемлекетке өтейді.";

      8-қосымшада:

      3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.3. Оқу құнына Академия белгілеген сомалар шегінде тағылымдамадан өтуге ақы төлеу кіреді. Көрсетілген сомалардың лимитінен асатын шығыстарды магистрант тағылымдама базасы ретінде Академия айқындаған ұйымның шотына дербес төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясының ректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
А. МЕРГАЛИЕВ

      "Келісілді":

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "Келісілді":

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
2024 жылғы 13 наурыздағы
№ 22 бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының
ректорына

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      __________________________________________________________ тұратын

      (тұрақты тұратын мекенжайды көрсету)

      Төлқұжат деректері немесе жеке куәліктің мәліметтері __________________

Өтініш

      "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша 1 жыл оқу мерзіміндегі (күндізгі оқу нысаны бойынша) магистратураға оқуға түсу үшін түсу емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      1. Жұмыс орны _____________________________________________________

      2. Лауазымы _______________________________________________________

      3. Жалпы жұмыс өтілі _________, оның ішінде заң мамандығы бойынша өтілі

      ____________________________

      4. Телефон нөмірлері: қызметтік ______________________________________

      үй ________________; ұялы_________________ байланыс ________________

      5. Электрондық мекен-жайы: жеке ___________ ұжымдық _______________

      6. Мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру тілі:

      қазақ немесе орыс тілі (қажеттісінің астын сызу керек)

      7. Оқу:

      білім беру тапсырысы шеңберінде;

      өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен

      (қажеттісінің астын сызу керек)

      Кез келген мен ұсынған мәліметтер, бұрмалаушылықтар мен дәлсіздіктер түсу емтихандарына жіберуден бас тарту немесе Академияның оқыту процесінен шығарып тастауға негіз болуы мүмкін екендігі жөнінде хабардармын.

      Академияға қабылдау Қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

      " " _________ 20__ж. _____________________ "қолы"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады