"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 сәуірде № 34273 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      35-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттен немесе жоғары тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiткеннен кейiнгi кезеңде мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелердi қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргiзуi себепті жоспарларлы тағайындаулар жетіспеген, ҚР ББС-ға сәйкес келмеген, жоспарлы тағайындаулар дұрыс бөлiнбеген, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтамаларды ұсыну мерзімдерін сақтамаған және осы Ереженің 29-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы - бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;

      2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына орындаусыз қайтарады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).

      Осы Ереженің 33-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық акті болмаған кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасалып, себептері көрсетіле отырып қайтарылады) қайтарады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен осы Ереженің және пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың/анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтару себептерін көрсете отырып қайтаруға жатады.

      Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге берілген анықтамаларды кері қайтарған (қабылдамаған) кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып, түзетілген анықтамаларды кері қайтарған (қабылдамаған) сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережелерге және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексереді және жүктейді.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит жеткізгіштерде беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшiрмесi немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама;

      2) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;

      3) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

      4) қолма-қол ақшаны бақылау шоттары туралы есеп, 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысаны бойынша есеп.

      Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.";

      233-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "233. Мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта, "Қазынашылық - клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - электрондық түрде, ай сайын жиырма сегізі күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырма бесінші желтоқсанға дейін береді.";

      235-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілер 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді-көшірмелерді дербес қалыптастырады.";

      239-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "239. Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алдын ала (аванстық) төлеуді қоспағанда, жүргізген кезде растайтын құжаттың барғандығын тексеру үшін және төлеуге берілетін шотқа берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу мақсатында мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қойған қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде, мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ-сы қол қойылған құжатты растайтын түпнұсқадан сканерлеген кескін тіркеледі.";

      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 243-тармағында тізбеленген растайтын құжаттарды қоса бермеcтен, төлеуге берілетін шотты қағаз тасығышта ұсынады, "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде, банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіру банктік қызметтерге ақы төлеу үшін төлеуге берілетін шоттармен бірге берілетін қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінімді, сондай-ақ осы Ереженің 98-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысты гранттарды жұмсау кезінде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімді қоспағанда, электрондық түрде ұсынады.";

      368-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілері "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде 5-15А нысан бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді-көшірмелерді қалыптастырады.";

      371-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аванстық төлемді қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелерін.

      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған кезде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі.

      Шығыстарды және/немесе тартылған қарыз қаражатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бұрын бөлінген қаражат есебінен өтеу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шығыстарды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының көшірмесін және қосымша, қарыз қаражатын тарту кезінде – кредиттік шарттың көшірмесін ұсынады.

      Инвестициялық жобаны іске асыру қаржы-экономикалық негіздемеге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында ақшаның болуына сәйкес шарт соммасынан:

      30 пайыздан аспайтын мөлшерде – барлық инвестициялық жобалар бойынша;

      50 пайыздан аспайтын мөлшерде – жоғарытехнологиялық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алғанда аванстық (алдын-ала) төлемге жол беріледі.

      Астық сатып алуды жүзеге асыру кезінде астық нарығы жөніндегі оператордың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі-жазғы қаржыландыруға аванстық (алдын ала) төлемін аударуы жасалған шарт сомасына сәйкес 70 пайыздан аспайтын мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Қалған соманы аудару шот-фактураның көшірмесі негізінде жасалған қосымша келісімге сәйкес астықты күзгі сатып алғаннан кейін жүргізіледі;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. 2024 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтарды қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады