"Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 сәуірде № 34274 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20033 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 225-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторингжүргізу қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 18 сәуірдегі
№ 220 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 12 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген

Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 225-5-бабына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларында реттелген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19026 болып тіркелген).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы несиелік шот – Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан, экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерге қызмет көрсетуге уәкілетті және экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттің қаражатын аударуға, сондай-ақ экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтаруға арналған шоты;

      2) банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

      3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік (үкіметтік, егемен) кепілдігі (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі алдындағы оның сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;

      5) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) – Мемлекеттік кепілдік алатын, сақтандыру және кепілдік төлемдерін өтеу қаражаты және өзге де көздер есебінен Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтару жөнінде міндеттемелер алатын экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының және экспортты қолдау бойынша Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің тарапы;

      6) сенім білдірілген өкіл (агент) – Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім негізінде берілген Мемлекеттік кепілдік және Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады;

      7) экспортты қолдау бойынша кепілдік шарты – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасындағы мемлекеттік кепілдік беру кезіндегі тараптардың құқықтық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін жазбаша келісім;

      8) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арасындағы тараптардың экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім;

      9) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған, экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар, егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі

1-параграф. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Осы тарау экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме мониторингінің рәсімдерін айқындайды.

      4. Мониторинг объектісі Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдік бойынша міндеттемелер болып табылады.

      5. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшаларға сәйкес, Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген, қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелер мен жүзеге асырылған сақтандыру және кепілдік төлемдері көлемінің жай-күйі туралы ай сайынғы ақпаратты ұсынуы негізінде Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары және кепілдік бойынша міндеттемелер көлемін қадағалаудан тұрады.

      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері осы тармақтың және осы Қағидаларға 2 және 4-қосымшаларға сәйкес, қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелер мен жүзеге асырылған сақтандыру және кепілдік төлемдері көлемінің жай-күйі туралы ақпараттың негізінде қалыптастырылады.

      Мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеменің жағдайы туралы ақпарат береді.

2-параграф. Мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі

      6. Осы тарау Мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайы мониторингінің рәсімдерін айқындайды.

      7. Қаржылық коэффициенттерді сенім білдірілген өкіл (агент) Мемлекеттік кепілдік алған Агенттіктің қаржылық есептілігі негізінде есептейді.

      8. Агенттіктің қаржылық жағдайының мониторингі жыл сайынғы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі.

      9. Агенттіктің қаржылық жағдайын талдау қаржылық жағдайды тоқсан сайынғы талдауды және қаржылық жағдайды жыл нәтижелері бойынша талдауды қамтиды. Қаржылық жағдайды талдау базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызмет түрлері, сала және нормативтік-құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты (қаржылық есептерді талдау) талдаудан тұрады.

      Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер қолданылады:

      өтімділік коэффициенті – ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасы;

      өтеу коэффициенті-ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы;

      қарыздық және меншікті қаражаттың арақатынасы – ағымдағы міндеттемелердің меншікті капиталдың мөлшеріне қатынасы;

      тарту коэффициенті - міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер сомасына қатынасы;

      меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті – меншікті капитал шамасына салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың қатынасы.

      10. Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынылған көрсеткіштер негізінде айқындалған қаржылық коэффициенттерді осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру жолымен Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.

      11. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізде есепті айдан кейінгі екінші айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейінгі мерзімде, сондай-ақ жыл сайынғы негізде 1 шілдеге дейінгі мерзімде Агенттіктің қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін ұсынады.

      12. Агенттіктің ықтимал төлем қабілетсіздігі анықталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді және сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша берешекті өтеуге көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулауды болдырмау үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

      13. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Агенттіктен қаржылық көрсеткіштер туралы қосымша ақпаратты сұратады.

3-параграф. Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және Мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу процесіне қатысушылар жүзеге асыратын негізгі функциялар

      14. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Агенттік экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу процесіне қатысушылар болып табылады және мыналарды жүзеге асырады:

      1) Агенттік:

      осы Қағидалардың талаптарына сәйкес және Мемлекеттік кепілдік беру процесіне қатысушылар талап ететін қажетті құжаттама мен ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді;

      ай сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша (бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп) өспелі қорытындымен қаржылық есептілікті және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жазбаша сұрау салуы бойынша Агенттіктің қаржылық жағдайын айқындайтын басқа да қажетті құжаттарды ұсынады;

      тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 25 (жиырма бесінші) күнге дейін сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша (бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба) өспелі қорытындымен қаржылық есептілікті және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жазбаша сұрауы бойынша Агенттіктің қаржылық жағдайын айқындайтын басқа да құжаттарды ұсынады;

      есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 31 (отыз бірінші) мамырынан кешіктірмей жыл сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті (бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, қаржы жылындағы түсіндірме жазба) ұсынады;

      сенім білдірілген тұлғаны (агентті) Мемлекеттік кепілдікті орындауға әкелуі мүмкін сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша өз міндеттемелерін орындамау фактілері мен себептері туралы хабардар етеді;

      Мемлекеттік кепілдікті орындауға бөлінген ақша қаражатын арнайы несие шотына аудару жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді;

      2) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:

      осы Қағидада айқындалған тәртіппен экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме мониторингін жүзеге асырады;

      3) сенім білдірілген өкіл (агент):

      Мемлекеттік кепілдігі бар Агенттіктің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді;

      Мемлекеттік кепілдікті орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға және Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкес оларды қайтаруға мониторинг жүргізеді;

      Агенттіктік қаржы-экономикалық жағдайына талдау жүргізеді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға тиісті талдау қорытындылары туралы ақпарат береді;

      экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің негізінде Мемлекеттік кепілдікті беруге және орындауға байланысты өзге де жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

      15. осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтерді көрсеткені үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) ақы төлеу Агенттіктің экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге сәйкес өз қаражаты есебінен Агенттік пен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын оның тарифтеріне сәйкес сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтеріне ақы төлеу туралы келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

      16. Егер есепті кезең (қаржы жылы) үшін жүзеге асырылған сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі Агенттіктің меншікті капиталы көлемінің 40 (қырық) пайызынан асқан жағдайда Агенттіктің сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша қосымша міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді. Бұл ретте сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі суброгация, қайта сақтандыру және кепілдік беру шеңберінде өтелген сақтандыру және кепілдік төлемдерінің сомасы шегеріле отырып көрсетіледі.

      17. Агенттік тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қолданыстағы сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша есепті тоқсанның соңғы күніне түпкілікті нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Сенім білдірілген өкіл (агент) мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қолданыстағы сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша түпкілікті нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі ақпаратты Агенттік ақпарат бергеннен кейін 7 (жеті) күн ішінде ұсынады.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар Қазақстанның
Экспорттық-кредиттік
агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы ақпарат

Атауы

Есептік кезеңнің басындағы міндеттемелер көлемі

Есептік кезеңдегі өзгерістер

Есепті кезеңнің соңындағы міндеттемелер көлемі (6-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған)

Қабылданған міндеттемелер

Тоқтатылған міндеттемелер

1

2

3

4

5

6

1.

Ұлттық валютадағы міндеттемелер





2.

Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:






ресей рублімен






Америка Құрама Штаттарының долларымен






еуромен











БАРЛЫҒЫ





      Жүктеу кезеңділігі: ай сайын

      Есептік кезеңнің соңындағы меншікті капитал - _____________ мың теңге

      Есептік кезеңнің соңына Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің көлемі – ___ мың теңге

      ________________             _____________      __________________________

      бірінші басшы             қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________             _____________             __________________________

      бас бухгалтер       қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________ _____________ ___________________________

      жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      сенім білдірілген тұлғаның (агенттің) телефоны ____________

      Ескертпе:

      Есеп ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін әрбір жолақ бойынша жеке мың теңгеде барлық бағандар бойынша "барлығы" қорытынды жолын шығара отырып, мың теңгеде жасалады. Көрсеткіштерді теңгеге келтіру "Ұлттық банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне нарықтық бағамдары бойынша жүргізіледі.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар Қазақстанның
Экспорттық-кредиттік
агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы

      мың теңге

Атауы

Есептік кезеңнің басындағы міндеттемелер көлемі

Есептік кезеңдегі өзгерістер

Есепті кезеңнің соңындағы міндеттемелер көлемі (6-баған = 3-баған + 4-баған-5-баған)

Қабылданған міндеттемелер

Тоқтатылған міндеттемелер

1

2

3

4

5

6

1.

Ұлттық валютадағы міндеттемелер





2.

Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:






ресей рублімен






Америка Құрама Штаттары долларымен






еуромен











БАРЛЫҒЫ





      Жүктеу кезеңділігі: ай сайын

      _______________________ _____________ __________________________

      бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________ _____________ ___________________________

      бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________ _____________ ___________________________

      жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің телефоны ____________

      Ескертпе:

      Есептілік ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не (он бесі) қарай әр жол бойынша жеке мың теңгеде көрсете отырып, барлық бағандар бойынша мың теңгемен "Барлығы" қорытынды жолын шығарды. Көрсеткіштерді теңгеге келтіру "Ұлттық банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған валюта айырбастаудың есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне нарықтық бағамдары бойынша жүргізіледі.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар Қазақстанның
Экспорттық-кредиттік
агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша ақпарат

Атауы

Сақтандыру төлемдері

Кепілдік төлемдері

Меншікті капитал көлемі

Сақтандыру және кепілдік төлемдерінің меншікті капитал көлеміне қатынасы,%

1

2

3

4

5

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жалпы сома ұлттық валютада





Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:





ресей рублімен





Америка Құрама Штаттары долларымен





еуромен









Есепті жасау күніне бағам бойынша ұлттық валютада барлығы





      кезеңділігі: ай сайы

      Есепті кезеңнің соңындағы меншікті капитал – _______ мың теңге

      ____________________________________.

      бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________ _____________ ___________________________

      бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сенім білдірілген өкіл (агент) телефоны ____________

      Ескертпе:

      Есеп ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін жасалады.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар Қазақстанның
Экспорттық-кредиттік
агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Қабылданған сақтандыру және кепілдік міндеттемелері шеңберінде сақтандыру және кепілдік төлемдері бойынша ақпарат

Атауы

Сақтандыру төлемдері

Кепілдік төлемдері

Меншікті капитал көлемі

Сақтандыру және кепілдік төлемдерінің меншікті капитал көлеміне қатынасы,%

1

2

3

4

5

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жалпы сома ұлттық валютада





Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:





ресей рублімен





Америка Құрама Штаттары долларымен





еуромен









Есепті жасау күніне бағам бойынша ұлттық валютада барлығы





      кезеңділігі: ай сайы

      Есепті кезеңнің соңындағы меншікті капитал – _______ мың теңге

      _________________________. _____________ ________________________

      бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________ _____________ ___________________________

      бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________ _____________ ___________________________

      жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қазақстанның

      Экспорттық-кредиттік

      агенттігінің телефоны ___________________________

      Ескертпе:

      Есеп ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін жасалады.

  Экспортты қолдау бойынша
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге және экспортты
қолдау бойынша мемлекеттік
кепілдігі бар Қазақстанның
Экспорттық-кредиттік
агенттігінің қаржылық
жағдайына мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген есепті тоқсанның соңғы күніне қолданыстағы сақтандыру шарттары және кепілдіктер бойынша түпкілікті нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық әсері туралы ақпарат

Атауы

Барлығы

1

2

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша экспорттық келісімшарттардың жалпы саны, саны


Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы, мың теңге


Өндірілген өнім көлемі, млрд. теңге*


Экспорттаушылар төлеген салықтар, мың теңге*


Құрылған жаңа жұмыс орындары, саны*


      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      *Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 112-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ақпарат беруі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті талаптар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты, деректер экспорттаушылардың ұсынылған хаттары негізінде қалыптастырылады.

      бірінші басшы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________ _____________ ___________________________

      бас бухгалтер қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      жауапты орындаушы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады