Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3 - бабының 5 -тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын ауданында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3 - бабы 4 - тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 2% - ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы | Б.Рыспаев |