Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № VIII-18-95 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 6101-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 71-212 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5817 тіркелген);

      2) "Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 71-212 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 30 қарашадағы № VIII-11-49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6053-05 тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады