Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 14 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 қаңтарда № 215-18 болып тіркелді.

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22-18 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облыcының мәслихаты

  Абай облысы әкімдігі
2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 14 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "7" ақпандағы
№ 32 қаулысына
3-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы, облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас экономисі.

      2. Негізгі персонал: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы және әдіскері, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім, (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) логопед-мұғалім, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы, орта білімінен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, жетекші, тәрбиеші, әдіскер, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, хореограф, сүйемелдеуші, барлық мамандықты дәрігерлер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейірбике.

      3. Әкімшілік персонал: мемлекеттік мекемедегі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындағы басшы (меңгеруші): кітапхана, лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекші, бухгалтер, экономист.

      4. Қосалқы персонал: тәрбиешінің көмекшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады