Панфилов ауданының Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 44 бірлескен қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-85 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 16 ақпанда № 139-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің шекаралары өзгертіліп, белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев
     
      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

  Жетісу облысының әкімдігі 2024 жылғы 14 ақпандағы № 44 мен Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-85 Бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша

Панфилов ауданының Жаркент қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу

      1. Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының шекарасы жалпы ауданы 11 388,5 гектардан 3 402,05 гектарға азаюы жолымен өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 7986,45 гектар болып белгіленсін.

      2. Жетісу облысы Панфилов ауданы Бірлік ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 22 922,64 гектарға 5 388,36 гектар қосылуы жолымен өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 28 311 гектар болып белгіленсін.

      3. Жетісу облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 42 178,46 гектардан 410,46 гектарға азаюы жолымен өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 41 768 гектар болып белгіленсін.

      4. Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 11 967 гектарға 1 537 гектар қосылуы жолымен өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 13 504 гектар болып белгіленсін.

      5. Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 12 143 гектарға 2 401 гектар қосылуы жолымен өзгертіліп, шекарасы жалпы ауданы 14 544 гектар болып белгіленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады