Алакөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 19 ақпанда № 143-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алакөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Абдинов

  2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 қаулысына қосымша

Алакөл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы" Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 қарашадағы № 370 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 106531 болып тіркелген);

      2. "Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 46 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №110870 болып тіркелген);

      3. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы №47 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 111680 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады