Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"№ 17 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 69 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 9 ақпанда № 132-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 17 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109741 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов ауданының әкімі М. Сағымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады