Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/11 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 6575-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 60/1 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6119 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі О. Таурбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Теміртау қалалық

      сайлау комиссиясы

  2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 16/11
Теміртау қаласы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

№ п/п

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1.

Теміртау қаласы

Чернышевский көшесі, "Мимино" кафесінің жанындағы "Үгітплакат" стенді

2.

Теміртау қаласы

Республика даңғылы бойындағы, "Старт" аялдамасы жанындағы, "Қазақстаның халык банкі" акционерлік қоғам ғимаратының жанындағы ақпараттық тақталар

3.

Теміртау қаласы

Республика даңғылы, Ескі қала саябағындағы ақпараттық стенд

4.

Ақтау кенті

Карл Маркс көшесі, "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады