Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 60/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 6119 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 20.03.2024 № 16/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.

      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №2/8 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3635 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2016 жылғы 3 ақпанда "Темиртауский рабочий" газетінде №5 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Арғынұлы Жетпісбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі К. Бегимов

  Теміртау қаласының
әкімдігі
2020 жылғы 27
қарашасы
№ 60/1
Қаулысына 1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

№ п/п

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1.

Теміртау қаласы

Чернышевский көшесі, "Aстория" кафесінің жанындағы "Үгітплакат" стенді

2.

Теміртау қаласы

Республика даңғылы бойындағы, "Старт" аялдамасы жанындағы, "Қазақстаның халык банкі" акционерлік қоғам ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқандар

3.

Теміртау қаласы

Республика даңғылы, Ескі қала саябағындағы ақпараттық стенд

4.

Ақтау кенті

Карл Маркс көшесі, "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық стенд

  Теміртау қаласының
әкімдігі
2020 жылғы 27
қарашасы
№ 60/1
Қаулысына 2-қосымша

Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар

№ п/п

Елді мекеннің атауы

Кездесу орны

1.

Теміртау қаласы

"Теміртау мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы (Республика даңғылы, 38)

2.

Ақтау кенті

"Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы (Карл Маркс көшесі, 5)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады