Шет ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 18/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 наурызда № 6572-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Шет ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Шет ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы №04/10 "Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8-17-117 болып тіркелген);

      2) Шет ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №23/01 "Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 8-17-128 болып тіркелген).

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Мухтаров

      Шет аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясымен

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Шет ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 13 наурыздағы
№ 18/01
қаулысына қосымша

Шет ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақсу-Аюлы ауылы

Шортанбай жырау көшесі, №53-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд; Шортанбай жырау көшесі, №211-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд; С.Сейфуллин көшесі, №13-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

2

Ақадыр кенті

Абай даңғылы, №19а үйдің алдындағы ақпараттық стенд; Абай даңғылы, №8-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд; Абай даңғылы, №44/2 үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

3

Ақжал кенті

Ы.Алтынсарин көшесі, №1А үйдің қабырғасындағы ақпараттық стенд; Пром зона көшесі, №1-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд; С.Сейфуллин көшесі, №8-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

4

Ақшатау кенті

Шахтерская көшесі, №12-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

5

Ақой ауылы

М.Едігеев көшесі, №8-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

6

Ақшоқы ауылы

Болашақ көшесі, №36А үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

7

Батық ауылы

Абай көшесі, №24-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

8

Бұрма ауылы

Құрылысшылар көшесі, №19-шы үйдің алдындағы ақпараттық стенд; Сарыарқа көшесі, №12-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

9

Босаға ауылы

Қ.Айқұмбеков көшесі, №26-шы үйдің алдындағы ақпараттық стенд; Е.Құлжанбеков көшесі, №5-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

10

Дәрия кенті

Әуезов көшесі, №13-ші үйдің қабырғасындағы ақпараттық стенд;

11

Кеншоқы ауылы

С.Мұқанов көшесі, №14-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

12

Көктіңкөлі ауылы

Көктіңкөлі көшесі, №16-шы үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

13

Красная Поляна ауылы

Байқоңыр көшесі, №26-шы үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

14

Киікті ауылы

Ы.Алтынсарин көшесі, №1Б үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

15

Қызылтау ауылы

К.Мыңбаев көшесі, №7-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

16

Мойынты кенті

А.Иманов көшесі, №1-ші үйдің артқы жағындағы ақпараттық стенд.

17

Нұраталды ауылы

Б.Байзақов көшесі, №19 үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

18

Ортау ауылы

С.Сейфуллин көшесі, 4-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

19

С.Сейфуллин атындағы кент

С.Сейфуллин көшесі, №17-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

20

Талды ауылы

Д.Смаилов көшесі, №22-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

21

Тағылы ауылы

Т.Бегелдинов көшесі, №3-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

22

Төменгі Қайрақты

А.Сухибек көшесі, №1/1 үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

23

Үңірек ауылы

Үңірек көшесі, №24А үйдің алдындағы ақпараттық стенд.

24

Өспен ауылы

Қаныш Сәтбаев көшесі, №25-ші үйдің алдындағы ақпараттық стенд; Теміржолшылар көшесі, №1 үйдің алдындағы ақпараттық стенд.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады