Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға, тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға, пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 61/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 7509-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140838 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы бойынша 2024 жылға келесі бағыттар бойынша бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін:

      тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 1 930 858 000 (бір миллиард тоғыз жүз отыз миллион сегіз жүз елу сегіз мың) теңге;

      тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 2 002 635 000 (екі миллиард екі миллион алты жүз отыз бес мың) теңге;

      пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 1 642 764 000 (бір миллиард алты жүз қырық екі миллион жеті жүз алпыс төрт мың) теңге.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады