Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 88 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 ақпанда № 1754 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережедегі:

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Атақ беру туралы куәлікке Алматы қаласының әкімі қол қояды.

      Атақ беру туралы дипломға Алматы қаласының әкімі және Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қол қояды.

      18. "Алматы қаласының Құрметті азаматы" медалін, "Алматы қаласының Құрметті азаматы" төсбелгісін, Атақ беру туралы дипломды және куәлікті тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.";

      "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ереженің қосымшасындағы:

      3-бөлімнің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық бөлігінде мемлекеттік тілде тегі, есімі, әкесінің есімі, негіздемесі, "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қала мәслихатының шешімінің қабылданған нөмірі және датасы жазылады, оның төменгі жағына Алматы қаласы әкімінің және Алматы қаласы мәслихаты төрағасының қолы қойылады және "Алматы және берілген жылы" деген жазулар орналастырылған. Сол жағындағы төменгі бөлігінің оң жағында екі кішкентай лентамен бірге Алматы қаласының елтаңбасы қиып өрнектеліп орналастырылған.";

      4-бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медальдің бейнесі оң ішкі жағында орналасқан, оның төменгі жағында Алматы қаласы әкімінің қолы қойылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады