Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 1764-02 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1539 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасындағы №№ 453, 456, 462, 605 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Н. Мәнізоровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. АКЖАРОВ

  2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 1 шешімге
қосымша

№ 453 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 83 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шолохов көшесі, 28.

      Шекарасы: Лев Толстой көшесінен Шолохов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Сауранбаев көшесіне дейін, Сауранбаев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Сауранбаев көшесінің бойымен № 19/2 үйдің оңтүстік шекарасына дейін; № 19/2, 19/3 үйлердің оңтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сауранбаева № 19/3 үйдің батыс шекарасына дейін; Сауранбаев көшесі, 19/3 үйдің батыс шекарасы бойымен солтүстікке қарай Молдағалиев көшесіне дейін, Молдағалиев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Чехов көшесіне дейін, Чехов көшесімен солтүстікке қарай Чехов көшесі, 11 үйдің оңтүстік жағына дейін, одан әрі Чехов көшесімен солтүстікке қарай, Чехов көшесінің екі жағындағы үйлерді қоса алғанда, Тынышпаев көшесіне дейін; Тынышпаев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Кунгурская көшесіне дейін, Кунгурская көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Станционная көшесіне дейін, Станционная көшесімен шығысқа қарай Лев Толстой көшесіне дейін, Лев Толстой көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Шолохов көшесіне дейін.

№ 456 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 6 оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Сейфуллин даңғылы, 13.

      Шекарасы: Чехов көшесінен Молдағалиев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Молдағалиев көшесі, № 28 үйдің батыс шекарасына дейін, Молдағалиев көшесі, № 28 үйдің батыс шекарасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Чернышевский көшесіне дейін; Чернышевский көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) "Теремки" тұрғын үй кешенінің 51 үйіне дейін, "Теремки" тұрғын үй кешенінің батыс жағымен солтүстікке қарай Чехов және Физкультурная көшелерінің қиылысына дейін; одан әрі Чехов көшесімен солтүстікке (шығыс жағы) Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 462 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 1 Алматы педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Шемякин көшесі, 13.

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Шемякин көшесімен солтүстікке (шығыс жағы) Гүлсары көшесіне дейін, Гүлсары көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Айтықов көшесі, № 55 үйге дейін, Айтықов көшесі, № 55 үйдің батыс жағымен солтүстікке қарай Шуақты шағынауданының Саялы көшесіне дейін, Шуақты шағынауданының Саялы көшесімен шығысқа қарай Қарасу-6 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-6 өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзені арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылының бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Шемякина көшесінің қиылысына дейін.

№ 605 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 198 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Жас Қанат" шағынауданы, 129 үй.

      Шекарасы: Шуақты шағынауданының Саялы көшесінен Қарасу-6 өзенінің арнасы бойымен солтүстікке (батыс жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Баймағамбетов көшесіне дейін; Баймағамбетов көшесінен Жас Қанат шағынауданының № 1/11, 1/10, 1/9 үйлерінің солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Қарасу-7 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-7 өзенінің арнасы бойымен-7 оңтүстікке (шығыс жағы) Баймағамбетов көшесінің № 68 үйіне дейін; Баймағамбетов көшесінің № 68, 68Б, 61А, 57 үйлерінің солтүстік шекарасы бойымен Қарасу көліне дейін; Қарасу көлінің бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Шуақты шағынауданының Саялы көшесіне дейін; Шуақты шағынауданының Саялы көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Қарасу-6 өзенінің арнасына дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады