Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында 2024 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 24/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 7732-15 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының төрағасы
Ж. Каримова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады