ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыағаш ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Таскулов |