Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қаңтарда № 7323-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М. Сатканов

  Орал қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1 қаулысына қосымша

Орал қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдаудағы тарифті белгілеу туралы" 2017 жылғы 21 маусымдағы № 1850 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4858 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" 2022 жылғы 19 шілдедегі № 1285 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28933 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады