Базар саудасы мен оған қойылатын санитарлық талаптар Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1995 ж. 18 қыркүйек N 181-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 1 ақпанда N 150 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі N 156 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұтынушылардың құқықтарына шек қою мен сауда Ережесiн орындамау үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы N 152 P930152_ қаулысына сәйкес және базарлардың жұмысын ретке келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен

 

келiсiлген "Базар саудасы мен оған қойылатын санитарлық талаптар Ережесi"

бекiтiлсiн.

     2. Жергiлiктi жерлердегi, сауданы басқару органдары көрсетiлген

Ереженi басшылыққа алып орындайтын болсын, сондай-ақ оны сауда ұйымдары

мен кәсiпорындарына жеткiзсiн және ол туралы сатып алушыларға кеңiнен

хабарлайтын болсын.

     3. Күшi жойылған деп төмендегi құжаттар есептелсiн:

     - Қазақ ССР Сауда министрлiгiнiң 1979 жылғы 4 маусымдағы N 5-178

"Қазақ ССР колхоз базарларындағы сауда Ережесi туралы" бұйрығы;

     - КСРО Сауда министрлiгiнiң 1979 жылғы 24-желтоқсандағы N 297

"Колхоз базарларына арналған санитарлық Ереже туралы" бұйрығы.


     Министр


     Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасы

     Бас мемлекеттiк санитарлық             өнеркәсiп және сауда

     дәрiгерiнiң орынбасарымен              министрлiгiнiң 1995

     келiсiлген. 1995 жылғы                 жылғы "___"_________

     "___"____________                      N_________ бұйрығымен

                                            бекiтiлген.


             Базар саудасы мен оған қойылатын санитарлық

                         талаптардың Ережесi


     Жалпы ережелер


 
       1. Базарлар тауарлар мен өнiмдердi сату үшiн әбден қолайлы жағдайда қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды халықтың сатып алуына қажеттi қолайлылықты туғызу мақсатында облыстық (қалалық) әкiмшiлiктердiң шешiмi бойынша ұйымдастырылады.
      Базар сауда кәсiпорны болып табылады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен өз жарғысын басшылыққа алып отырады.
      2. Базар саудасын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар базар аумағында орналасқан павильондар, шатырлар мен шағын дүкендер, сондай-ақ арнайы жабдықталған сауда дүкендерiнiң қатары мен сауда орындары арқылы тауарлар мен өнiмдердi көтере және бөлшектеп сату түрiнде жүзеге асырады.
      3. Базардың қызметiне тiкелей басшылық етудi базарды пайдаланушы кәсiпорынның әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
      Базарлардың жұмысын базардың әкiмшiлiгiмен жасасатын келiсiм-шартқа сәйкес жергiлiктi жерлердегi сауданы басқаратын органдар үйлестiредi. Шарт салық инспекциясымен келiсiлуге тиiстi.
      Шарт жасасу кезiнде базардың тауарлық-салалық нышаны бойынша мамандандырылуы белгiленедi (базардың мамандандырылуына қарай тек қана тамақ өнiмдерiн немесе азық-түлiк емес тауарларды сатуға арнап 60-80 проц. шегiнде сауда алаңдарының көлемi белгiленсiн). Базарға оның мақсатына, орналасқан жерiне, көрсетiлетiн қызметтерiнiң көлемiне, сауда алаңдары мен техникалық жағынан жабдықталғандығына қарай белгiлейтiн санаттылық берiледi.
      Шарттың жоқтығы базар қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.
      4. Базар қажеттi сауда мүкәммалы және жабдықтарымен, оның iшiнде тез бұзылатын өнiмдердi сатушыларға арналған тоңазытатын құрал жабдықталған болуға тиiстi, сондай-ақ оның мал дәрiгерлiгi-санитарлық лабораториясы болуға тиiстi. Базарлардың техникамен жабдықталғанына қойылатын талаптар N 2 қосымшада келтiрiлген.
      Базарларды сатушылар мен сатып алушыларға қолайлылық үшiн қоғамдық тамақтандырудың стационарлық объектiлерi (дәмханалар, самсаханалар, кәуапханалар және басқалар) жабдықталады.
      Қоғамдық тамақтандыру нүктелерiн ұйымдастырып ашу және оларды жабдықтау мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң аумақтық органдарының келiсуiмен және олардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      Базарлардың аумағында сауда кәсiпорындары, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мен басқа да қызметтердiң орналасуы мүмкiн.
      5. Базардағы сауда барлық сауда қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қолданылып жүрген заңдардың талаптарын, санитарлық және экологиялық мөлшерлi қалыптарды сауда мен қоғамдық тамақтандырудың және қоғамдық тамақтандыру өнiмдерiне деген нормативтiк техникалық құжаттаманың ережелерiн сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың ережелерi мен мөлшерлi қалыптарын, тауарлар мен шикiзатқа сәйкес сертификатының мiндеттi түрде бар болуын, осы Ереженi және қызмет көрсетудiң жоғары деңгейiн сақтауымен жүзеге асырылады.
      Азық-түлiк тауарларын алкогольдi өнiмдер мен қоғамдық тамақтандыру өнiмдерiн сатушылардың оларды сату құқығына лицензиясы (патентi) болуға тиiс.
      6. Тамақ өнiмдерiн сатуға оларды мал дәрiгерлiк-санитарлық мөлшерлi қалыптарға сәйкес тексеруден өткiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. Тамақ өнiмдерiнiң сапасын тексеру базардың мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама лабораторияларында жүргiзiледi.
      Әрбiр сауда жасаушы базардың мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама лабораториясында санитарлық талаптармен таныса алады.
      7. Базарларды (оның iшiнде шығындарын да) дүкендерге, супермаркеттер мен асханаларға жапсарлар аумақта, сондай-ақ саябақтарда, парктер мен басқа да демалыс аймақтарында және тротуарлар мен тас жол бойындағы жолдарды жағалай орналастырып ашуға рұқсат берiлмейдi.
      8. Базарларда сатуға тыйым салынған заттар:
      - консервiленiп саңлаусыз жабылған өнiмдер (көкөнiс, ет, балық және басқа) өндiрiлуi мен өткiзiлуiне лицензия (патент) берiлген қоғамдық тамақтандырудың өнiмдерiн қоспағанда үйде әзiрленген ет және балықтан жасалған аспаздық бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;
      - кремдi кондитер бұйымдарын, боялған мәмпәсилер мен карамель кәмпиттер, тәттiлер мен үйде әзiрленген сусындар;
      - жаңа пiскен және үйде ұқсатылған саңырауқұлақтар;
      - дәрiлiк өсiмдiктер;
      - тоңазытатын жабдықтар жоқ болған жағдайда тез бұзылатын өнiмдер;
      - қолданылып жүрген заңдармен еркiн сатылуына тыйым салынған басқа да тауарлар (қарулар мен әскери әр алуан тауар жабдықтарын, дәрiгерлiк препараттар және басқа).
      9. Азық-түлiк емес тауарларды (киiм-кешек, аяқ киiм) сатуда оларды өлшеп көру үшiн, ал күрделi техникалық және тексерудi талап ететiн басқа да тауарларды сатуда тексерiс жүргiзу үшiн жағдай жасалуға тиiс.
      10. Базардың әкiмшiлiгi Ауыл шаруашылық және басқа да ұйымдар мен кәсiпорындарға, жеке азаматтарға ауыл шаруашылық және басқа да өнiмдердi өткiзуде, сондай-ақ бәсекелестiк туғызу мақсатында ұзақ мерзiмдi келiсiмдердiң, бiр жолғы шарттар мен мәмiлелердiң негiзiнде келiсiмдi баға бойынша тiкелей базардың өзiнен де және өнiмдi шығарып жатқан жерлерден де өнiмдердi көтере сатып алу мен оларды сатуды жүзеге асыратын сауда қызметтерiнiң бюросын ұйымдастырады.
      11. Базардағы сауда үшiн сауда жасаушылардан алым өндiрiлiп алынады. Сауда жасаушылардан алым өндiрiп алудың тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.
      Бiр жолғы алымдар ставкаларының мөлшерi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 P950955_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы Ережеге сәйкес белгiленедi.
      Алым төлеушiлер Қазақстан Республикасының салық туралы заңдарында

 

көзделген өзге де салықтарды төлеуден босатылмайды.

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен Ереженi бұзу

арқылы алынған табыстардың барлығы заңдармен белгiленген тәртiп бойынша,

мемлекет пайдасына алынуға тиiс.

     12. Базардың әкiмшiлiгi базардағы сауда жасаушыларға олардың жеке ақы

алу арқылы қосымша қызметтiң әр түрлерiн жасай алады, атап айтқанда:

     - өнiмдердi мал дәрiгерлiк лабораториялық зерттеуден өткiзу;

     - еттi бөлшектеп кесу;

     - таразы мен басқа да құрал-саймандарды, санитарлық киiмдi жалға беру;

     - тауарларды, өнiмдердi, сондай-ақ сауда жасаушылардың жеке заттарын

тоңазытқыштарда, сақтау орындарында және басқа да қоймалық үй-жайларда

сақтау;

     - жүк мәшинелерiнiң, автотiркемелер мен жеңiл мәшинелердiң

мотоциклдер мен басқа да көлiк құралдарының базар аумағына кiруiне рұқсат

беру;

     - жүктердi сауда орындарына тасып беру;

     - тауарлық таразыларда өнiм өлшеу;

     - автотұрақтарды пайдалану;

     - шақтап көру кабиналарымен қамтамасыз ету;

     - күрделi тұрмыстық және басқа да тауарлардың жұмыс iстейтiндiгiн

тексерiп көру үшiн жағдай жасау;

     - радио арқылы хабарландыру беру және басқа да қызметтердi көрсету.

     Базарларда көрсетiлетiн қызметтiң түрлерi N 2 қосымшада көрсетiлген.


 
       Көрсетiлетiн қызметтер үшiн төлемшiге кассалық чек немесе талон беру арқылы, ал тауарлар мен өнiмдердi сақтауға қабылдаған кезде осымен қатар тауар құжаттамасын берiлiп ақы кассаға төленедi.
      Көрсетiлген қызмет үшiн ақы базардың әкiмшiлiгi арқылы тағайындалып оның мөлшерi облыстық (қалалық) мәслихаттарымен келiсуi бойынша белгiленедi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес болуға тиiс.
      13. Барлық санаттағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, Совет Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" деген атағы бар адамдар мен үш дәрежедегi даңқ орденiмен марапатталғандар, зейнеткерлер мен "Алтын алқа" және "Батыр ана" атақтарына ие болған көп балалы аналар алымның белгiленген мөлшерiнiң 50 процентiн ғана төлейдi.

 

     Базардың әкiмшiлiгi азаматтардың белгiлi бiр санаттарына көрсетiлетiн

қызметтер үшiн жеңiлдiктер беруге құқылы.

     14. Базардың әкiмшiлiгi базарлар жұмысының уақыты мен оларды сауда

жасау уақытын облыстық (қалалық) әкiмшiлiктермен келiсе отырып, сатып

алушылар үшiн мейлiнше қолайлы жағдай жасауды ескерумен белгiлейдi.

     15. Базарлардың иелiгiндегi сауда және басқа да үй-жайлардың

пайдаланылуы жалдау шартымен ретке келтiрiледi.

     16. Базардағы сауда Ережесi, жұмыс режимi мен бiр жолғы алымдар

ставкасы туралы мәлiметтер мен атқарылатын қызметтердiң құны көрсетiлiп

жасалатын қызметтер тiзбесi iлiнiп қойылуға тиiс. Ал бақылау таразысы

сатып алушыларға көрiнетiн және олар үшiн ыңғайлы жерге орналастырылуға

тиiс.


             Базарларға арналған санитарлық ережелер


     1. Базар аймағына қойылатын санитарлық талаптар.

     1.1. Қала және ауыл халқының 1000 тұрғынына деген базардағы

тапшыланған сауда орындарының саны құрылыстың мөлшерлi қалыптары мен

Қазақстан Республикасының ережелерiмен белгiленген көрсеткiштер арқылы

анықталады.

     1.2. Базар аймағы мынадай аумақтарға межеленiп айырылады:

     - сауда;

     - бар қажетпен жабдықталып сатып алушыларға арналған;

     - жеке көлiк тұрақтарына арналған;

     - қоқыр-соқырды жинауға арналған шаруашылық алаң.

     Сауда аумағына мына алаңдар бөлiнiп берiледi:

     - ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатуға арналған;

     - тiрi құс пен мал сатуға арналған;

     - қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету

кәсiпорындарына арналған;

     - лабораториялық қызметке арналған;

     - азық-түлiк тауарларын сатуға арналған;

     - азық-түлiк емес тауарларын сатуға арналған.


 
       1.3. Базар кешендерiнiң құрылысына арналған учаскелердi таңдап алу жалпы қаланың (елдi мекеннiң) барлық сауда кәсiпорындары жүйесiнiң дамуын ескерумен, мемлекеттiк санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдары мен, сондай-ақ сәулет жоспарлау ұйымдарымен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
      1.4. Базар салуға арналған учаскенi таңдауда халыққа бiр қалыпты қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн өрiсi мен қала iшiндегi және сырттан келетiн көлiктерге қолайлылықты қамтамасыз ету ескерiледi.
      1.5. Базардан даңғылдар мен негiзгi көшелердiң жүргiншi желiлерiне тiкелей шығуына болмайды, ол қала магистралiнiң жүргiншi желiлерi мен негiзгi көшелерiнен кем дегенде 30 метр қашықтықта болуға тиiс.
      1.6. Базардың тамақ өнiмдерiн сатуды жүзеге асыратын жер учаскесi қоқтықты залалсыздандыру жерiнен кем дегенде 1,5 км қашықтықта және де өндiрiсi немесе сақталуы шаң және күштi иiстiң шығуымен байланысты өндiрiс кәсiпорындары мен қоймалардан, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуы мен базарды ластаудың көзi болуы мүмкiн басқа да объектiлерден кемiнде 500 метр қашықтықта орналасуға тиiс.
      1.7. Базардың аймағы, кiрiс жолдары мен кiреберiстерi асфальттанып көркейтiледi. Нөсер мен ерiген қар сулары ағып кетуi үшiн төсеген жерде еңiс болуды көздеген дұрыс.
      Аумағы 0,2 гектар базарларда қалыптанған әрекет ретiнде, мiндеттi түрде үстiне қалыңдығы кемiнде 3 см. құм шашылатын таптап тегiстелген жер рұқсат етiледi.
      1.8. Базар аумағы сауда басталғанша және бiткеннен соң тазалануға тиiс, ал жылдың жылы уақытында мiндеттi түрде су себу керек, ал жылдың қысқы уақытында базар аймағын (көлiк пен жаяулар өтетiн жерлер) әрдайым қар мен мұздан тазартылуы тиiс.
      1.9. Базар аймағындағы сыпырындыны жинау үшiн урналар мен сыпырынды салғыштар орнатылады. Сыпырынды базар аймағынан күн сайын шығарылады.
      Урналардың санын белгiлеуде базар алаңының әрбiр 50 шаршы метрiнде бiр урна болуға тиiс екендiгiн негiзге алу қажет, сонымен бiрге сауда сөрелерi желiсiн бойлай орнатылған урналардың ара қашықтығы 10 метрден аспауға тиiс. Сыйымдылығы 100 литр сыпырынды салғыштардың санын белгiлеуде мынадай есепке алу қажет:
      базар алаңының әрбiр 200 шаршы метрiне кемiнде сыпырынды салғыштардың бiреуiн бөлу және оларды сауда сөрелерi желiсiн бойлай орнатып, олардың ара қашықтығы 20 метрден аспауға тиiс. Тамақ қалдықтарын жинау үшiн арнаулы ыдыстар қойылуға тиiс.
 
      2. Базар кешендерiнiң, павильондар мен сауда орындарының құрылысына қойылатын санитарлық талаптар.
      2.1. Базардың құрамына үй-жайлар мен алаңдардың мынадай негiзгi топтары кiруге тиiс:
      - сауда үй-жайлары;
      - өнiмдердi қабылдау, сақтау және сатуға әзiрлеу үшiн бөлiнген үй-жайлар;
      - коммуналдық-тұрмыстық, әкiмшiлiк, қосалқы шаруашылық және техникалық үй-жайлар.
      2.2. Сауда залының (қысқы павильондар), дәретханалар мен жуу орындарының қабырғалары биiктiгi 1,8 метр жылтыр плиткалармен қапталады және тұрақты синтетикалық бояулармен боялады.
      Тоңазытқыш камералардың қабырғалары кем дегенде 1,8 метр биiктiкке дейiн жылтыр плиткамен қапталады.
      2.3. Базардың үй-жайлары қол жуғыштар мен дәретханалар және сауда құрал-саймандарын, жемiстер мен көкөнiс жууға арналған жуу орындарымен жабдықталады.
 
      3. Канализация және сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық талаптар.
      3.1. Базардың барлық құрылыстары су құбыры мен канализацияның жылыту және электрмен жабдықтаудың қалалық магистральдарға қосылуға тиiс.
      3.2. Базар орналасқан ауданда орталықтандырылған су құбыры жоқ болған жағдайда мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсу арқылы сумен жабдықтаудың қайнар көзiн тауып, оның жергiлiктi жүйесiн құруға рұқсат етiледi.
      3.3. Канализация мен су құбыры бар болған жағдайда тамақ өнiмдерiн сататын шеткi орындардан кемiнде 25 метрдей жерде орналастырылған дәретханалар болсын. Оларды есептегенде саны әрбiр 50 сауда орындарына кем дегенде бiреу болуға тиiс.
      Канализация жоқ жерлердегi базарларда дәретханаларды сыртқа су өткiзбей жинақтайтын орны бар, тамақ өнiмдерiн сататын шеткi орындардан кем дегенде 50 метрдей жерде салуға рұқсат етiледi.
      Дәретханалардың тұрған жерi қатты төсенiш төселген және жарық түсiрiлген жайлы кiреберiстерi, сондай-ақ оның тұрған жерiн анық көрсететiн сiлтегiштер бар болуға тиiс.
      3.4. Канализациясы жоқ базардағы қол жуғыштарды орнататын орын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiледi. Iшiндегiсi түбiне сiңетiн құдық жасауға тыйым салынады.
      3.5. Базарда канализация болмаған жағдайда шаруашылық ағынды суларды ағызып жiберу және оларды кетiру тәртiбi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiм бойынша белгiленедi.
      3.6. Дәретханалар күтiлiп, қол жуғыштар таза болып, күнде дезинфекциялануға тиiстi.
      3.7. Дәретханаларда қызмет ететiн адамдарға базардағы басқа жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
 
      4. Құрал-жабдықтар мен мүкәммалға қойылатын санитарлық талаптар
      4.1. Базар сауда-технологиялық құрал-жабдықтар мен мүкәммалмен жеткiлiктi мөлшерде жабдықталған болуға тиiс.
      4.2. Тез бұзылатын азық-түлiктi сатуға арналған орындар салқындатылатын сөрелермен жабдықталады.
      4.3. Ауылшаруашылық өнiмдерiн сатуға арналған сөрелер мен үстелдер табақ пластик және тот баспайтын құрышпен, алюминий қоспасының табақтарымен және де Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi көрсетiлген мақсаттарда пайдалану үшiн рұқсат берген басқа да материалдармен қапталады.
      4.4. Сауда мүкәммалы тот баспайтын, оңай жуылатын және басқа да материалдан жасалып, таза күтiлiп ұсталуға тиiстi.
      4.5. Сатуда пайдаланылатын астаулар, шанышқылар, балталар, пышақтар мен басқа да керек-жарақтар жуатын заттар немесе кальцийлендiрiлген соданың 0,5-2 проценттiк ерiтiндiсi қосылған ыстық сумен күнде жуылып тұруға тиiстi.
      Сүт құйылатын ыдыс пен сүттi бөлiп құюға арналған өлшейтiн саптыаяқтарды басқа мақсатта пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
 
      5. Ауыл шаруашылық және басқа да өнiмдердi сатуға қойылатын санитарлық талаптар
      5.1. Базарда тек сапасы жақсы өнiмдердi сатуға рұқсат етiледi.
      5.2. Ет, сүт тағамдары мен жұмыртқаны тек мал дәрiгерлiк қызмет тиiстi құжатпен куәландырғаннан кейiн ғана сатуға рұқсат етiледi.
      5.3. Базарда сатуға рұқсат етiлген ет пен сүт тағамдары оқшауланған павильондардың үстелдерi мен сөрелерiнде орналастырылады және металл iлмектерге асып қойылады.
      5.4. Ұлттық ерекшелiктерi бар базарларда жылқы етi мен шошқа етiн сату үшiн арнаулы үстелдер мен еттi бөлшектеп кесуге арналған балталар бөлiнедi.
      5.5. Малдың басын, сирақтары мен етi сылынып алынған сүйектерiн тек бөлек үстелдерге ғана сатуға рұқсат етiледi.
      5.6. Базарда тiрi мал мен құс сатуға арналған жерлер Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары және де мал дәрiгерлiк қызметтiң мекемелерiмен белгiленедi.
      5.7. Тiрi үй құсын сату үшiн көбiнесе ашық алаңдарда алаңының 1 шаршы метрi 10-15 құсқа деп жасалған қабатты қапастармен жабдықталатын арнаулы орындар белгiленедi.
      5.8. Тiрi малды тек мал дәрiгерлiк қадағалаудың байқауынан өткiзiп, оның рұқсатын алғаннан кейiн ғана және базармен байланысты емес, оның шекаралары мен кiсi тұратын кварталдардан кем дегенде 200 метрдей жердегi арнайы бөлiнген аймақта сатуға рұқсат етiледi.
      5.9. Сүт пен сүт тағамдары арнайы жабдықталған павильондарда (бөлiмдерде) сатылады. Сүт пен сүт тағамдарын мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптамадан өткiзу үшiн олардың иесiнде жеке медициналық кiтапшасы мен тұратын жерiндегi мал дәрiгерлiк қызмет органы берген сүт пен сүт тағамдарын сату құқығына деген анықтама бар болуға тиiс. Профилактикалық дәрiгерлiк тексерулерден өткiзудiң тәртiбi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдарымен белгiленедi.
      Сүт құятын және сүт тағамдарын салатын ыдыстардың сыртына мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптаманың қорытындысы жазылған қағаз жапсырылады.
      5.10. Сүт, май, қаймақ пен iрiмшiк алюминий, балшық немесе глазурь жағылған таза ыдыста болуға тиiс, бидондардың қақпақтары таза да тығыздала жабылатын болуы қажет.
      5.11. Бал оның иесiнде мал дәрiгерлiк анықтама мен омартаның мал дәрiгерлiк-санитарлық төлқұжаты бар болған жағдайда ғана мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптамаға қабылданады.
      Мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптаманы өткiзiп болғаннан кейiн бал салынған ыдысқа сараптаманың қорытындысы жазылған қағаз жапсырылады: жоғары сапалы балға арналғаны - ақ түстi, сапасы төмен бал салынатынына - көк түстi.
      5.12. Көкөнiс пен жемiс-жидектер үстелдерден, арбалар мен мәшинелерден, сондай-ақ өнiмдердi жермен тiкелей тұтасудан қорғап тұратын тығырықтар мен төсемдерге орналастырылған кәрзеңкелер мен бөшкелерден, жәшiктер мен қаптардан сатылады.
      Өсiмдiк шаруашылығының азық-түлiк мақсатындағы өнiмдерiн тек тексерiстен өткiзгеннен кейiн немесе қалдық пестицидтер мен нитраттардың бар жоғы туралы құжат бар болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      5.13. Көкөнiс және жас жемiс-жидектер сатылатын үстелдерде олардың тұздалған түрлерiн сатуға рұқсат етiлмейдi.
      Картоп оқшауланған жерде сатылады.
      5.14. Тұздалған, ашытқан және маринадталған көкөнiс пен жемiс-жидектер ағаштан жасалған немесе эмаль жалатқан ыдыстан сатылады және сатып алушыға арнаулы қалақтармен немесе шөмiштермен босатылады.
      5.15. Ұн, сондай-ақ ұннан, жарма мен дәндi дақылдардан жасалған өнiмдер таза қаптарда немесе тығырықтарға, қатар-қатар үлдiрiктер мен тақтайларға орналастырылған басқа да ыдыста болуға тиiс.
 
      6. Базар қызметкерлерiнiң өз басы гигиеналарының ережесi
      6.1. Тамақ өнiмдерiн қабылдау мен сақтау, тасымалдау және сатумен шұғылданатын базар қызметкерлерi (таразышылар, еттi бөлшектеп кесушiлер, қоймашылар, сауда қызметiн көрсету бюросының сатушылары және басқалар).
      - жұмыста таза киiм мен аяқ киiмде болуы;
      - киiмiнiң, бет-қолы мен денесiнiң тазалығын сақтауға, тырнақтарын өсiрмей алып тастап отыруға, қолдарын хлорлы iзбестiң 0,2 проценттiк ерiтiндiсiмен (1 л суға 10 мг қосылады, бұл активтi хлордың 150-200 мг. сәйкес келедi) жууға;
      - тамақ пен темекiнi тек осы мақсатқа арнап белгiленген орындарда ғана iшу, тартуға мiндеттi.
 
      7. Сатылатын өнiмдердiң сапасын тексеретiн лабораторияларға қойылатын талаптар.
      7.1. Тамақ өнiмдерiн қабылдауға, сатуға, тасымалдау мен сақтауға қатысы бар, сондай-ақ керек-жарақ пен құрал-жабдықтарды санитарлық тұрғыдан өтеумен шұғылданатын базар қызметкерлерi белгiленген профилактикалық дәрiгерлiк тексеруден өтедi.
      Дәрiгерлiк тексеруден өткiзу тәртiбi қолданылып жүрген арнаулы нұсқаулықтарға сәйкес белгiленедi.
      7.2. Iшек iндетiн қоздырушыларды таратушы болып шыққан адамдарды, сондай-ақ өзiнiң жанұясында немесе бiр пәтерде өте жұқпалы адаммен бiрге тұратын адамдарды жұмысқа қабылдауға рұқсат етiлмейдi (эпидемияға қарсы арнаулы шаралар қолданылғанға дейiн).
      7.3. Базардың дирекциясы мен базардың аумағында тамақ өнiмдерiн сататын әрбiр кәсiпорын Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында тiркелген санитарлық журналдармен қамтамасыз етiледi. Санитарлық журналдан туберкулез бен iшкi iндеттерiн қоздырушыларды таратушылықтың бар жоғын анықтау мақсатында қызметкерлердi арнаулы тексеруден өткiзудiң нәтижелерi туралы бөлiмдерi бар дәрiгерлiк байқаулар журналы болуға тиiс.
 
      8. Базар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi.
      Өз қызметiн жүзеге асыруда базар әкiмшiлiгi:
      - базарда сауда жасаушыларды сауда орындарымен, белгiленген тәртiп бойынша тексерiлген таразылар және басқа да өлшеу аспаптарымен, сауда керек-жарақтары және санитарлық киiммен қамтамасыз етуге;
      - базарға тасып әкелiнетiн тауарлар мен өнiмдердi сақтау үшiн қойма үй-жайлары мен тоңазытқыш камераларды беруге;
      - базарға ауыл шаруашылық және басқа да өнiмдердiң тасып әкелiнуiн арттыру үшiн шаралар қолдануға, халықпен, сондай-ақ ауыл шаруашылық және басқа да кәсiпорындармен шартты қатынастарды мейлiнше жетiлдiруге;
      - сауда орындар санының көбеюiн, сауда мәдениетiн арттыратын ыңғайлы жағдайлардың жасалуын;
      - сатып алушылардың базар iшiнде еркiн жүруiн және олардың сауда орындарына кедергiсiз өтiп кiруiн қамтамасыз ететiн базарды көркейту мен қайта құру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      - базардың аумағын, павильондар мен шатырларды, қатар-қатар дүкендер мен басқа да сауда кәсiпорындарын, сондай-ақ базарға барып тiрелетiн аумақтарды да санитарлық жай-күйде ұстауға, базарда өрт сөндiрушiлер және күзетшiлер топтарымен қамтамасыз етуге;
      - сауда жасаушылардың базардағы сауда ережелерiн, санитарлық және мал дәрiгерлiк санитарлық қадағалау ережелерiн, өрт қауiпсiздiгi мен жекелеген тауарларды сату ережелерiн сақтауына бақылау жасауды қамтамасыз етуге;
      - базардың қызметкерлерi үшiн жинау мүкәммалының, жуатын және дезинфекциялайтын заттардың, сабынның жеткiлiктi мөлшерде бар болуын қамтамасыз етуге;
      - дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау шараларын жүйелi түрде өткiзiп тұруға;
      - қызметкерлердi белгiленген дәрiгерлiк байқаудан өткiзiп тұруға;
      - дәрiгерлiк байқаудан өтуге тиiстi қызметкерлердi медициналық кiтапшалармен қамтамасыз етуге;
      - Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң жергiлiктi органдарының ұсыныстары мен нұсқауларын жазу үшiн белгiленген үлгiде басып шығарылған және нөмiрленген санитарлық журналдың бар болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      19. Базар әкiмшiлiгi сауданы басқару органдарымен жасасқан келiсiмнiң

 

шарттарын орындамағанда, сондай-ақ сауда ережелерi, санитарлық ережелер

мен қалыпты мөлшерлер, режим мен басқа да талаптар сақталмаған жағдайда

базардың қызметi уақытша тоқтатылуы мүмкiн.

     20. Сауда қызметiн жүзеге асыратын барлық шаруашылық жүргiзушi

субъектiлердiң базардағы сауда ережесi мен оларға қойылатын санитарлық

талаптарды сақтауына бақылау жасау Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық

қызмет, мемлекеттiк стандарт пен жергiлiктi жерлердегi сауданы басқару

органдары, сондай-ақ осыған өкiлеттi басқа да органдарға жүктеледi.



           Базарлардың санаттылығына қарай олардың техникамен

          жабдықталғандығына және олар көрсететiн қызметтердiң

                 түрлерiне қойылатын талаптар


     ______________________________________________________________

                    БАЗАРЛАРДЫҢ САНАТТАРЫ

     ______________________________________________________________

                                   |          1-санаттағы         |

                                   |______________________________|

                                   | әмбебап  | мамандандырылған  |

                                   |          |___________________|

                                   |          | азық-  |азық-түлiк|

                                   |          | түлiк  | емес     |

                                   |__________|________|__________|

     1. Тоңазытқыш камералар            М          М         -


     2. Көтергiш көлiк жабдықтары       М          М         М


     3. Мал дәрiгерлiк-санитарлық

        сараптау лабораториясы          М          М         -

     ______________________________________________________________

              2-санаттағы             |          3-санаттағы

     _________________________________|____________________________

       әмбебап | мамандандырылған     |        шағын базарлар

               | азық- | азық-түлiк   |

               | түлiк | емес         |

     __________|_______|______________|____________________________

     1.   М        М          -


     2.   Ұ        Ұ          Ұ


     3.   М        М

____________________________________________________________________

4. Таразы мен басқа да керек

   жарақтарды ұстай тұруға        М    М    -    М    М    -    М

   алу пунктi


5. Еттi бөлшектеп кесу            М    М    -    М    М    -    -


6. Өнiмдер мен тауарларды сақтау

   орындарында және қоймаларда    М    М    М    Ұ    Ұ    Ұ    Ұ

   сақтау

7. Жүктердi сауда орындарына

   тасымалдау                     Ұ    Ұ    Ұ    Ұ    Ұ    Ұ    Ұ


8. Шақтап көруге арналған

   кабинеттердi (бөлмелердi)      М    -    М    М    -    М     -


9. Сауда қызметкерi бюросын

   ұйымдастыру                    М    М    -    М    М    -     Ұ


10. Күрделi тұрмыстық техниканың

    сапасын тексеру үшiн жағдай   М    -    М    Ұ    -    Ұ     -

    жасау


11. Контейнерлер мен мәшинелер.

    ден сату үшiн базар           М    М    М    Ұ     Ұ   -     -

    аумағына орын беру


12. Мәшинелердi тоқтатып қою

    үшiн орын беру                М    М    М    Ұ     Ұ    Ұ    Ұ


13. Радио арқылы хабарландыру

    (ақпараттар) беру             М    М    М    Ұ     Ұ    Ұ    Ұ


14. Күзетшiлер тобымен

    қамтамасыз ету                М    М    М    М     М     М    Ұ


     Ескерту: М - мiндеттi түрде

              Ұ - ұсынылады

              - - қызметтiң көрсетiлуi мiндеттi емес



                                            N 1 қосымша


           Қазақстан Республикасының базарларында тауар сату

                  құқығы үшiн алымының мөлшерлерi


           Сауданың бiр күнiне айлық ең төменгi еңбекақының

                  процентiне шағылған мөлшерiнде


___________________________________________________________________

  Базардың мамандандырылуы  |           Базардың санаты

                            |______________________________________

                            |     1    |      2       |     3

____________________________|__________|______________|____________

1. Азық-түлiктiк (көтере

   өткiзетiн)

   Мәшинелерден сату             300         200            100

___________________________________________________________________


   Сөрелерден сату               100          60             30

   Соның iшiнде: Азық-түлiк.

   тiк (көкөнiс, жемiс-жидек,

   айран-сүт тағамдары,

   кептiрiлген жемiс-

   жидектер, бал)

   Мәшинелерден сату             300         300            100

___________________________________________________________________


   Сөрелерден сату               100          60             30

___________________________________________________________________


   Қолдан сату                    30          20             10

___________________________________________________________________


   Азық-түлiк (ет тағамдары)      50          30             20

___________________________________________________________________


   Гүл                           100          60             20

___________________________________________________________________


   Киiм-кешек және басқа да

   өнеркәсiп тауарлары

   сатылатын:

   контейнерлерден сату          300         200            100

___________________________________________________________________


   мәшинелерден сату             200         100            500

___________________________________________________________________


   сөрелерден сату               100          50             30

___________________________________________________________________


   қолдан сату                    30          20             10

___________________________________________________________________


   Автомобильдер сатылатын:

   гомотокөлiктiң 1 данасын сату  200         100             50

___________________________________________________________________


   қосалқы бөлшектердi сату      200         100             50

___________________________________________________________________


4. Мал мен жем-шөп сатылатын:

   Iрi қара мен жылқы сату        80          40             20

___________________________________________________________________


   құс сату                       30          20             10

___________________________________________________________________


   басқа да үй жануарларын,

   құстар мен аңдарды сату        50          30             20

___________________________________________________________________


   басқа жануарларды сату         50          30             20

___________________________________________________________________




     оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады