"Аукциондарда мемлекеттік акциялар пакеттерін сату тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 1996 ж. 7 ақпандағы N 37 қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 16. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

      Аукциондарда мемлекеттік акциялар пакеттерін сату тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті қаулы етеді:
      1. Аукциондарда мемлекеттік акциялар пакеттерін сату тәртібі туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      а) 2.2.1. тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік акция пакеті мемлекеттік акциялар пакеттерінің бағасын реттейтін нормативтік-құқықтық акт қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес белгіленген есептік бағадан 10% төмен емес деңгейде анықталатын ең төменгі бағадан егер сауда өткізуде бұл ең төменгі баға белгіленген болса, төмен сатылмайды. Голландық тәсіл бойынша ең төменгі баға белгіленбейді."
      б) 2.2.3. тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "Сауданың голландық тәсілі бойынша мемлекеттік акциялар пакеттерін сатуда ең алғашқы баға жоғарылайтын коэффициентке нормативтік-құқықтық актіге сәйкес анықталған есептік бағаны көбейту жолымен анықталады. Бұл коэффициент Сатушы арқылы белгіленеді, бірақ 10-төмен болмайды."
      в) 2.3.2. тармақтың а) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "а) әрбір лот бойынша:
      - лоттың алғашқы бағасынан-сауданың ағылшын тәсiлi бойынша;
      - қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес анықталған лоттың есептік бағасынан-сауданың голландық тәсілі бойынша - 5-15% дейін (сатушы бойынша) анықталады;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Төраға орынбасары Ю.Е. Дуберманға жүктелсін.     

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады