"Кедендiк алып жүру туралы ережеге" (ҚР КК-iнiң 7.12.95 ж. N 193-П бұйрығына) өзгерiстер енгiзу туралы" Әдiлет министрлiгiндегi тiркеу нөмiрi N 144 18.01.96 ж.

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң бұйрығы 15.11.1996 жылғы 236-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 28. Күшi жойылды - ҚР Кеден комитетiнiң 1997.03.28. N 74-П бұйрығымен. ~V970041

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының талаптарына сәйкес келтiру және тауарлардың жеткiзiлуiне кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
      ҚР КК-iнiң 7.12.95 ж. N 193-П V950144_ бұйрығымен бекiтiлген "Кедендiк алып жүру туралы ережеге" төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
      - 1.6-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: "көлiк құралы - контейнерлердi және басқа да көлiк жабдықтарын қосқанда халықаралық жолаушылар тасымалдау үшiн қолданылатын кез келген көлiк құралы";
      - 2.2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияландырылатын тауарлар, әкелiнуiне өзге де мемлекеттiк органдардың рұқсаты талап етiлетiн тауарлар, келiсiм-шартының сомасы 3 мың АҚШ долларынан асатын тауарлар)".
 
      Төраға
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады