Мұнай және газ кен орындарын игеру жөнiндегi Орталық Комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi 1997 жылғы 24 маусымдағы N 60 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 5 тамызда тіркелді. Тіркеу N 349. Күші жойылды - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1998.10.19. N 200 ~V980636 бұйрығымен.

      I. Жалпы ережелер
      1.1. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөнiндегi Орталық Комиссиясы кен орындарын пайдалану және Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Құзырлы ұйымы ретiнде энергетика және табиғи ресурстар Министрлiгi жанындағы (келешекте "Министрлiк") алқалы ұйым болып табылады.
      1.2. Құзырлы ұйымның атынан ОИК мұнай, газ, газды-конденсатты кен орындарын игерудi және мұнайдың, газдың жер асты қоймаларын пайдалануды, технологиялық құжаттар жобасының сапасын бақылауды жүзеге асырады.
      1.3. ОИК өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарын, "Қазақстан Республикасы мұнай және газ кен орындарын игерудiң Бiрыңғай Ережелерiн", Министрлiк пен Мұнай және газ Департаментiнiң бұйрықтары мен үкiмдерiн, сонымен қатар осы Ереженi басшылыққа алады.
      1.4. ОИК құрамын Мұнай және газ Департаментi Директорының ұсынысы бойынша энергетика және табиғи ресурстар Министрлiгi бекiтедi. ОИК құрамына, келiсiм бойынша, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi кiредi.
      1.5. ОИК қызметiн ұйымдастыру, кеңсе iстерiн жүргiзу, деректер мен құжаттарын жинау, мен сақтау жұмыстарын Мұнай және газ Департаментiнiң мұнай және газ кен орындарын игерудi бақылау бөлiмi атқарады.
 
      2. ОИК мiндеттерi
 
      Министрлiк жөнiндегi Ережелерге сәйкес ОИК-нiң негiзгi мiндеттерi:
      2.1. Мұнай, газ және газды конденсатты кен орындарын игерудi жобалау мен жүзеге асыру, мұнай мен газдың жер асты қойнауларын пайдалану саласына Қазақстан Республикасы территориясында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу.
      2.2. Республиканың мұнайгаз мүмкiндiгiн тиiмдi пайдалану, келiсiм шартымен және жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiздендiру мақсатында мұнай, газ және газды-конденсатты кен орындарын игерудi, әрi мұнай мен газдың жер асты қоймаларының пайдалануын бақылау.
      2.3. Қазақстан Республикасы аумағында бiртұтас жобалау құжаттарына талаптарды әзiрлеу мен орындау, мұнай, газ және газды конденсатты кен орындарын игеру мен пайдаланудың ең тиiмдi әдiстерi технологияларын жобаларға енгiзудi қамтамасыз етедi.
 
      3. ОИК қызметтерi
 
      Жүктелген мiндеттерге сәйкес ОИК мынадай қызметтер атқарады:
      3.1. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған жұмыс бағдарламаларын сынама пайдалану жобаларын, технологиялық схемаларды, жобаларды, нақтыланған жобаларды игеру және игерудi жетiлдiрудiң, мұнай өндiрудiң жаңа технологияларын қолдану арқылы мұнай кен орындарын тәжiрибелiк - кәсiптiк игеру жобаларын, газ және газ конденсатты кен орындарын игерудiң, мұнай мен газдың жер асты қоймалары пайдаланудың жобалық технологиялық құжаттарын толық сараптауын ұйымдастыру және бекiту.
      3.2. Мұнай, газ, конденсат өндiру коэффициентiнiң техникалық-экономикалық негiздемелерiн Мемлекеттiк Қор Комиссиясында бекiту үшiн сараптамадан өткiзу.
      3.3. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мұнай, газ және газды конденсатты кен орындарын игерудiң ағымды жағдайы бойынша есеп беру мен деректердi талдау мен бағалау.
      3.4. Мұнай, газ және газды конденсатты кен орындарын игеруге қатысты нормативтi-техникалық құжаттарды, деректердi ОИК-не ұсыну тәртiбi, сондай-ақ ресiмдеу, мазмұны туралы ережелер мен нұсқауларды әзiрлеу.
      3.5. Кен орындарын игеру саласы бойынша семинар, кеңестердi дайындау мен өткiзудi ұйымдастыру.
 
      4. ОИК құқықтары
 
      4.1. Дербес сараптама жүргiзу және ОИК-не ұсынылған деректер бойынша қорытынды жасау үшiн ғылыми-техникалық, өндiрiстiк кәсiпорындардың, консалтинг фирмаларының бiлiктi мамандарын, қажет болса шет елдiк сараптамалары қатыстыру.
      4.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарынан белгiленген тәртiп бойынша қажеттi жобалау, зерттеу және тәжiрибе деректерiн алу, атап айтқанда:
      - игерудегi және игеруге енгiзуге жоспарланған мұнай, газ және конденсат кен орындары мен кенiштерiнiң жобалау-техникалық құжаттармен қамтамасыз етiлуi туралы жылдық ақпарат;
      - мұнай мен газ кен орындарының және тәжiрибелi өндiрiстердi игеру барысы туралы жылдық есеп;
      - бекiтiлген технологиялық игеру көрсеткiштерiнен ауытқулар бар кен орындары мен кенiштерiнен, негiзгi себептер мен оны жою жөнiндегi шаралар көрсетiлген жылдық түсiнiктеме.
      4.3. Мұнай мен газ өндiру бойынша Келiсiм шартына өзгерiстер мен түзетулер енгiзу туралы Құзырлы ұйымдарға ұсыныстар беру.
      4.4. Жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай және газ кен орындарын игерудiң бiртұтас ережелерiн және ОИК бекiткен технологиялық жобалау құжаттарын орындамаған жағдайда мұнай операцияларын жүргiзудi тоқтату немесе тиым салу туралы Құзырлы ұйым мен өзге де тиiстi Үкiмет мекемелерiне ұсыныс беру.
 
      5. ОИК-де деректердi қарау тәртiбi
 
      5.1. ОИК-ның жұмыс жоспарына енгiзу үшiн жер қойнауын пайдаланушылар технологиялық жобалау құжаттарын қарау жөнiндегi арыз деректерiн ОИК-ға уақытынан 3 ай бұрын өткiзулерi тиiс.
      5.2. ОИК қарауына және бекiтуге технологиялық жобалы құжаттары, игеру әдiстерi мен жер қойнауын пайдалануға көмiртегi шикiзаттарын өндiруге және дамытуға қосымша Лицензиясы немесе Лицензиясы бар және Үкiметi Құзырлы ұйымына шарт жасаудағы мәлiметтер мен басқа да деректер қабылданады.
      5.3. Деректер 5 данадан тұрады және бекiтiлген түрдегi (1-қосымшадағы) арыз тапсырылады.
      5.4. Сонымен қатар ОИК-ға келiсiм деректерi мен технологиялық жобалық құжаттардың жер қойнауын қорғау, экологиялық, тау кен, технологиялық, санитарлық бақылаудың орталық немесе жергiлiктi ұйымдарымен келiсiм деректерi мен сараптамалары ұсынылады.
      5.5. ОИК қабылданған жобалау құжаттарын қарап, егер қойылған талаптарға сәйкес келсе, оларды тәуелсiз сараптамадан өткiзуге жiбередi.
      5.6. ОИК ұсынылған жобалар мен деректердi қарауды мына жағдайларда кейiнге қалдыра алады:
      - технологиялық құжаттарда қабылданған көмiрсутектер қорының мұнай, газ және конденсат жасайтын компоненттердi қоса алғандағы Мемлекеттiк баланстың бекiткен қорына сәйкес келмеген жағдайында;
      - ұсынылған деректердiң "Қазақстан Республикасы мұнай мен газ кен орындарын игерудiң Бiртұтас Ережелерiне", мұнай мен газ кен орындарын игерудiң технологиялық құжаттарын құрастыру бойынша қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда.
      5.7. Сараптамаларды алғаннан кейiн ОИК жұмыс жоспарына сәйкес ұсынылған жобалық технологиялық құжаттарды қарап, бекiтедi. ОИК шешiмi мәжiлiсте қарастырған күннен бастап 10 күн iшiнде хаттамамен ресiмделедi.
      5.8. ОИК шешiмi мәжiлiске қатынасқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Егер мәжiлiске ОИК жалпы құрамының 50%-нен көбi қатынасқан болса, комиссия мәжiлiсi құқылы. Дауыстар тең болған жағдайда төраға етушiнiң дауысы шешушi рөл атқарады.
      ОИК қабылдаған шешiмдерiне ОИК-ның өзгертулерi мен/немесе қосымша шешiмдерi енгiзiлуi мүмкiн.
      6. ОИК құзырына жататын мәселелер бойынша шешiмдерi мен нұсқаулар Қазақстан Республикасы мұнай, газ, газды конденсат кен орындарын игерумен және жобалаумен мұнай, газ, жер асты қойнауларын пайдаланумен айналысатын барлық шаруашылық субъектiлерiнiң, оның iшiнде шетелдiктердiң де мiндеттi түрде орындалуына жатады.
 

                                     ОИК туралы Ережеге 1-қосымша




                                Қазақстан Республикасы энергетика



                                мен табиғи ресурстар Министрлiгiнiң

                                мұнай және газ кен орындарын игеру

                                жөнiндегi Орталық Комиссиясы



 
 
                ОИК-дегi технологиялық құжаттарды қарау

 

                             ӨТIНIШ


     1. Кен пайдаланушы ............................................

     2. Лицензия сериясы, N .................. берiлген (пайдаланушы

     мерзiмi)

     Берiлген күнi..................................................

     Беру мақсаты...................................................

     3. ............................................................

     .................................................... арасындағы

     кендi пайдалану шарты .........................................

     ........................................... бекiтiлдi (мерзiмi)

     4. Технологиялық құжаттың атауы ...............................

     .. ............................................................

     5. Технологиялық құжаттың ұйым-игерушiнiң атауы ...............

     .. ............................................................

     Жоба жұмысын енгiзу құқығына берiлген Лицензияның (куәліктiң)

     нөмiрi, мерзiмi және берiлген күнi.............................

     .. ............................................................

     .....................


     Өтiнiшке технологиялық құжаттың 5 данасы тiркелген.


     Технологиялық құжатты ұсынушы

     кәсiпорын басшысының қолы, аты-жөнi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады