"Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ереженi" бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 30 мамыр N 18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 398. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығынан  үзінді

      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      9) "Инвесторға инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 18 қаулысы (1997 жылғы 15 қазан N 398)....

      Төраға

--------------------------------------------

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 30 мамырдағы
18 қаулысымен
Бекiтiлген

"Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн
құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн келiсушi және
рұқсат етушi құжаттармен, лицензиялармен, визалармен
және басқа да құжаттармен қамтамасыз
етудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      Қызметтiң немесе iс-әрекеттiң заңмен белгiленген түрлерi берiлетiн әрбiр лицензияның түрi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес мiндеттi лицензиялауға жатады. Кейбiр жағдайларда лицензияларды алу үшiн санитарлық және/немесе экологиялық және/немесе тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындылары талап етiлуi мүмкiн. Қандай да болмасын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыру кезiнде лицензиядан басқа өзге рұқсат алу (жер учаскелерiн бөлу, радиожиiлiк бөлу және басқа) талап етiлетiн жағдайда, мұндай рұқсаттар лицензияны алған соң берiледi.

II. Негiзгi мiндеттер

      Осы ереженiң негiзгi мiндетi мемлекеттiк органдардың жобаны келiсуi және инвестордың инвесторға инвестициялық жобаны жүзеге асыруы үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн қажеттi келiсушi және рұқсат етушi құжаттарды, лицензияларды, визалар мен басқа да құжаттарды алу процесiндегi iс-әрекетiн тәртiпке келтiру және үйлестiру болып табылады.

III. Комитеттiң Инвесторды инвестициялық жобаны жүзеге
асыру үшiн құқықтар мен өкiлеттiктер беретiн
келiсушi және рұқсат етушi құжаттармен,
лицензиялармен, визалармен және басқа да
құжаттармен қамтамасыз етуiнiң тәртiбi туралы

      3.1. Инвестордың лицензия және/немесе рұқсат алуы үшiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тиiстi мемлекеттiк органға құрамында инвестордың лицензия алуға арналған өтiнiмi, инвестордың тiркеу құжаттары, түсiндiрме жазба, лицензияны алушының немесе рұқсаттың осы қызмет түрi үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар, лицензиялық алымның растамасы кiретiн құжаттар пакетiн, егер лицензиялық және/немесе экологиялық және/немесе тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындылары талап етiлсе, - қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша арнайлы талаптарына сәйкес тиiстi қорытындылар мен басқа да құжаттарды жолдайды.
      3.2. Санитарлық және/немесе экологиялық, және/немесе тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындыларын алу үшiн Комитет тиiстi мемлекеттiк органға түсiндiрме жазбаны, инвестордың тiркеу құжаттарын, қорытынды бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаттарды қоса өтiнiм жолдайды.
      3.3. Мемлекеттiк органдар бiр ай мерзiмнен кешiктірмей сұралған лицензияны немесе рұқсатты бередi, егер талап етiлсе, мемлекеттiк орган Комитетпен мерзiмдi ұзартуды мiндеттi тәртiппен келiседi.
      3.4. Комитет және/немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар осы материалдарды қараған кезде қатысуға құқылы.
      3.5. Мемлекеттiк орган лицензия беруден "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 19-бабына сәйкес қана бас тартуға құқылы.
      3.6. Комитет лицензияны немесе рұқсатты берудiң тәртiбiнiң және атқарылу мерзiмiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
      3.7. Лицензияларға және басқа да рұқсат етушi құжаттарға оларды берудiң мерзiмдерiнiң сақталуына жауапкершiлiкте болатын тиiстi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады