Бағалы қағаздар және мемлекеттiк тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру эмиссиясын тiркегенi үшiн алынатын алым төлеу тәртiбi туралы N 35 Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 1997 жылғы 29 желтоқсан N 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 1 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 426. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
               Мемлекеттік кіріс министрінің
           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      29. "Бағалы қағаздардың эмиссиясын және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн берудi тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы" N 35 Нұсқаулығын бекiту Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 V970426_ бұйрығы. -----------------------------------------------------

      ЕСКЕРТУ. Нұсқаудың тақырыбы толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрлігі 1999.11.17. N 1386 V990993_ бұйрығымен.
      Осы Нұсқау Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ Заңының, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Z970077_ Заңының, "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдеме берген қарызға алу мен қарыз туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңының негiзiнде шығарылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. Нұсқаудың кіріспесі жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік
               кіріс министрлігі 1999.11.17. N 1386 V990993_ бұйрығымен.

                           I. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттiк бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және жергiлiктi атқарушы органдар ретiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекет эмиссиялайды. Мұның өзiнде, уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган ұлттық ұқсастыру нөмiрiн бередi.
      Мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың эмиссиясы уәкiлеттi органда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      2. Акционерлiк қоғамдардың - банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың, бағалы қағаздар саудаластықтарын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтама зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар мен Орталық Депозитарийдiң барлық акцияларының эмиссиясы мiндетті мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      3. 2-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда мына акциялардың эмиссиясы мемлекеттiк тiркеуге жатпайды:
      заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, акционерлiк қоғамдардың тұрпатына қарамастан олардың акцияларының бастапқы эмиссиясы;
      жабық акционерлiк қоғамдар акцияларының кейiнгi эмиссиясы;
      ашық акционерлiк қоғамдардың жабық немесе жеке әдiспен орналастырылатын акцияларының кейiнгi эмиссиясы.
      4. Ашық орналастыруды жүзеге асыратын ашық акционерлiк қоғамдар және 2-тармақта көрсетiлген қоғамдар акцияларының эмиссиясын мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi мен рәсiмiн уәкiлеттiк берiлген орган белгілейдi.
      5. Акционерлiк қоғам акцияларын кез-келген әдiспен орналастыруға акциялардың сол эмиссиясында уәкiлеттiк орган берген ұлттық ұқсастыру нөмiрi болған жағдайда ғана рұқсат етіледi.
      6. Осы Нұсқауда пайдаланылатын ұғымдар:
      Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Президентi тiкелей уәкiлеттiк берген және соған есеп беретiн, бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қарым-қатынастарды мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын, мемлекеттiк орган болып табылатын Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы;

     бағалы қағаздың атаулы құны - бағалы қағазды шығару кезiнде 
анықталған оның құнының ақшалай көрiнiсi:
     эмиссия - бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру:
     эмитент - бағалы қағаздарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес 
шығаруды жүзеге асыратын және бағалы қағаз иелерi алдында өз атынан 
мiндеттеме алатын заңды тұлға. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1 бөлім жаңа редакцияда жазылды және I-ҮI бөлiмдер II-ҮII    
              бөлiмдер, 1-5-тармақтар 7-11-тармақтар, 7, 8-тармақтар 17,   
              18-тармақтар деп есептелдi - ҚР Мемлекеттік                  
              кіріс министрлігі 1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
      II. АЛЫМ ТӨЛЕУШIЛЕР
     7. Бағалы қағаздар және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын акциялар 
эмиссиясының ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру эмиссиясын тiркегенi үшiн алым 
төлеушiлер олардың эмиссиясын жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып 
табылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі       
              1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
                       III. АЛЫМ АЛУ ОБЪЕКТIЛЕРI
     8. Бағалы қағаздар эмиссиясын және мемлекеттік тiркеуге жатпайтын 
акциялар эмиссиясының ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру тiркегенi үшiн алым 
алу объектiсi барлық бағалы қағаздардың бастапқы және қосымша бiр эмиссия 
(бастапқы немесе кейiнгi, соның iшiнде сот шешiмi бойынша акциялардың 
қосымша эмиссиясы) эмиссия кезiндегi жалпы нақты құны болып табылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі       
              1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
                IV. АЛЫМ СТАВКАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖЕҢIЛДIКТЕР


      9. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру үшiн алым бiр эмиссияның бағалы қағаздарының жалпы атаулы құнынан былай төленедi:
      бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын тiркеу кезiнде 0,1 процент

мөлшерiнде;
     бағалы қағаздардың кейiнгі эмиссиясын тiркеу кезiнде (соның iшiнде 
сот шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясы) 0,5 процент мөлшерiнде;
     мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру 
нөмiрiн беру кезiнде 0,1 процент мөлшерiнде.
<*>

     10. Мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы бойынша алым төленбейдi.
     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс      
              министрлігі 1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
                      V. АЛЫМ СОМАСЫН БЕЛГIЛЕУ
     11. Төлем жасаушылар бағалы қағаздардың және мемлекеттiк тiркеуге 
жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру жалпы нақты 
құнын және алым ставкаларын негiзге ала отырып, алым сомасын дербес 
есептеп шығарады.
<*>

     Алым сомасы бағалы қағаздар эмиссиясының әрқайсысы бойынша бөлек 
есептеледi.
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың бірінші абзацы толықтырылды - ҚР Мемлекеттік    
              кіріс министрлігі 1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
               VI. АЛЫМ ТӨЛЕУДIҢ ТӘРТIБI МЕН МЕРЗIМДЕРI
<*>

      12. Алым сомасы "Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеу және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру үшiн алым сомасының есебiне" сәйкес (1-қосымша) анықталады және салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша төленедi. Алым төленгеннен кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде эмитент аталған есептi салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл есептi бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеуден және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беруден бас тартылған алым төлеушiлер де табыс етедi.
      13. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беру кезiнде эмитент уәкiлеттi органға тиесiлi алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат (төлем тапсырмасының квитанциясы немесе көшiрмесi) табыс етуге мiндеттi.
      14. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеуден және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн беруден бас тартылған жағдайда, төленген алым қайтаруға жатпайды және бағалы қағаздардың эмиссиясын кейiнгi тiркеу кезiнде немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн кейiнгі беру кезiнде есепке алынады.
      15. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, бағалы қағаздардың эмиссиясы болған жоқ деп танылған жағдайда, бұрын төленген алым қайтарылмайды және бағалы қағаздардың кейiнгі эмиссиясы кезiнде есепке алынбайды. Бұрын болған жоқ деп танылған бағалы қағаздардың эмиссиясын қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмiрiн қайта беру кезiнде алым салық заңдарында көзделген ставкалар бойынша төлеуге жатады.
      16. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу және мемлекеттiк тiркеуге

жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмірін беру үшiн алымды 
жинау жөнiндегi декларацияны алым төлеушiлер аумақтық салық органдарына 
есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн, осы Нұсқауға 2-қосымшада 
келтiрiлген нысан бойынша табыс етедi.
     ЕСКЕРТУ. VI бөлім жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс      
              министрлігі 1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
                  VII. ТӨЛЕУШIНIҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI ЖӘНЕ
                      АЛЫМ ТӨЛЕУГЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
     17. Бағалы қағаздар және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар 
эмиссиясына ұлттық ұқсастыру нөмірін беру эмиссиясын тiркегенi үшiн 
алымның бюджетке толық және уақытылы төлеуiне төлеушi жауап бередi. Алымды 
есептеу мен төлеудегi тәртiп бұзушылық үшiн төлеушiлерге қолданылып жүрген 
салық заңдарына сәйкес санкциялар қолданылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі    
              1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
     
     18. Алымды дұрыс есептеуге және уақытылы төлеуге бақылау жасауды 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
     Кеңесiмен келiсiлген


                                         Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрлігінің N 35 Нұсқауына 1 қосымша <*>

     ЕСКЕРТУ. 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс     
               министрлігі 1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
   
     _________________________    ____________________________
      (Салық төлеушінің атауы)           (аудан, қала)
     _________________________    ____________________________
           (СТТН)                           (облыс)
     
                                  _______ бойынша Салық комитеті
     
          ___________ үшін бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу және 
          (жылы, айы)
         мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының 
         ұлттық ұқсастыру нөмірін беру үшін алым сомасының есебі
     
     _________________________________________________________________
                Көрсеткіш                            Сомасы
                                                   (мың теңге)
     _________________________________________________________________
     1. Бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясының
     атаулы құны
     _________________________________________________________________
     2. Бағалы қағаздардың кейінгі эмиссиясының 
     атаулы құны
     _________________________________________________________________
     3. Бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын 
     тіркеу үшін алым сомасы (1-жол х 0,1%)
     _________________________________________________________________
     4. Бағалы қағаздардың кейінгі эмиссиясын 
     тіркеу үшін алым сомасы (2-жол х 0,5%)
     _________________________________________________________________
     5. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
     акциялар эмиссиясының ұлттық ұқсастыру 
     нөмірін беру үшін алым сомасы:
     а) акциялардың бастапқы эмиссиясы 
     (1-жол х 0,1%);
     б) акциялардың кейінгі эмиссиясы (2-жол х 0,1%);
     в) барлық алым сомасы (5а жол - 5б жол).
     _________________________________________________________________
     6. Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу және
     мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар
     эмиссиясының ұлттық ұқсастыру нөмірін беру
     үшін барлық алым сомасы (3-жол+4-жол+5в жол)
     __________________________________________________________________
     
         Басшы _____________________           ________________
                    (аты-жөні)                    (қолы)
     
         Бас бухгалтер _______________        ___________________
                          (аты-жөні)               (қолы)
     
                                                   Мөр орны
     
         Салық органының басшысы__________    _________________
                                (аты-жөні)          (қолы)
     
         Бөлім бастығы ___________________    _______________
                          (аты-жөні)               (қолы)
     
     
     
        
                             Қазақстан Республикасы
                      Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                              N 35 Нұсқауына
                               2 қосымша 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс     
               министрлігі 1999.11.17. N 1386  

V990993_

  бұйрығымен.
     
     _________________________    ____________________________
      (Салық төлеушінің атауы)           (аудан, қала)
     _________________________    ____________________________
           (СТТН)                           (облыс)
     
     
                                  _______ бойынша Салық комитеті
     
                                  Тапсырылған күні __________
     
       _____________ жыл үшін бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу және 
        мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының 
         ұлттық ұқсастыру нөмірі беру үшін алым жөніндегі
                         декларация
     
     _________________________________________________________________
                Көрсеткіш                            Сомасы
                                                   (мың теңге)
     _________________________________________________________________
     1. Бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясының
     атаулы құны
     _________________________________________________________________
     2. Бағалы қағаздардың кейінгі эмиссиясының 
     атаулы құны
     _________________________________________________________________
     3. Бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын 
     тіркеу үшін алым сомасы (1-жол х 0,1%)
     _________________________________________________________________
     4. Бағалы қағаздардың кейінгі эмиссиясын 
     тіркеу үшін алым сомасы (2-жол х 0,5%)
     _________________________________________________________________
     5. Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
     акциялар эмиссиясының ұлттық ұқсастыру 
     нөмірін беру үшін алым сомасы:
     а) акциялардың бастапқы эмиссиясы 
     (1-жол х 0,1%);
     б) акциялардың кейінгі эмиссиясы (2-жол х 0,1%);
     в) барлық алым сомасы (5а жол - 5б жол).
     _________________________________________________________________
     6. Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу және
     мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар
     эмиссиясының ұлттық ұқсастыру нөмірін беру
     үшін барлық алым (3-жол+4-жол+5в жол)
     __________________________________________________________________
     7. Бюджетке алым сомасы аударылды
     __________________________________________________________________
     
     Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі
     Біз осы декларацияда келтірілген мәліметтердің растығы мен толықтығы 
үшін заң алдында жауап береміз.
     
         Басшы _____________________           ________________
                    (аты-жөні)                    (қолы)
     
         Бас бухгалтер _______________        ___________________
                          (аты-жөні)               (қолы)
     
                                                   Мөр орны
         Декларация жасау жөнінде
         қызмет көрсеткен аудитор ____________     ___________
                                (аты-жөні, СТТН)      (қолы)
            
                                                 Мөр орны
     
         Салық органының басшысы__________    _________________
                                (аты-жөні)          (қолы)
     
         Бөлім бастығы ___________________    _______________
                          (аты-жөні)               (қолы)
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады