Қазақстан Республикасының Cу қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау типтік ережелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің 1997 жылғы 17 желтоқсандағы N 48 ҚАУЛЫСЫ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 18 сәуір N 498 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 469 бұйрығымен.

  ------------Бұйрықтан үзінді---------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Өнеркәсiптегі жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалау комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi төрағасының кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      Министр

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы
Өнеркәсiптегi жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау
және тау-кен қадағалау комитетiнiң, Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттiк комитетiнiң,
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының күші жойылған кейбiр шешімдерінің тізбесі

       3. "Қазақстан Республикасының су қоймаларындағы азаматтардың қауiпсiздiк үлгi ережесi" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 17 желтоқсандағы N 48 қаулысы...

------------------------------------
                Қазақстан Республикасының Су қоймаларында азаматтардың 
                       қауіпсіздігін сақтау типтік  ережелері

                               I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      1.1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Су қоймалары көпшiлiк демалысы, туризм және спорт мақсатында пайдалану ретiн белгiлейдi. 
      1.2. Тәртiп меншiктiң барлық түрiндегi су қоймаларын пайдаланушы және иелiк етушiлердiң суда азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 
      1.3. Жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға, қайықпен серуендеуге және көпшiлiк демалысының өзге түрлерiн ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды айқындайды, сондай-ақ өздерiнiң аумақтық шекарасының шегiнде орналасқан су қоймаларын жалпы пайдаланудың өзге де шарттарын белгiлейдi. 
      1.4. Құтқару күзеттерiнсiз, даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Суда құтқару қызметi республикалық орталығының аумақтық органдарының және Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының тиiстi рұқсатынсыз су қоймалары жағасында жағажай, еңбек және демалыс лагерьлерiн, базаларын, су стансаларын және көпшiлiк демалатын өзге нысандар ашуға тыйым салынады. 
      1.5. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар өздерiне бекiтiлген су қоймаларында адам өмiрiн қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерiн жабдықтап, күтiмде ұстау iсiне жауап бередi. Құтқарушыларды оқытуды олардың қаражаты есебiнен Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару қызметi республикалық орталығының қызметкерлерi жүргiзедi. 
      1.6. Суда экскурсия, спорт жарыстарын және мейрам өткiзген кезде кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары суда азаматтар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамдар бөлуге және құтқару күзеттерiн қоюға мiндеттi. 
      1.7. Ведомстволық және қоғамдық құтқару күзеттерiнiң жұмысына бақылау жасау осы күзеттер бағынатын ұйымдардың әкiмшiлiгiне, сондай-ақ Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару қызметi республикалық орталығының аумақтық бөлiмшелерiне жүктеледi. 
      1.8. Жағажайларда, су маңында көпшiлiк демалатын орындарда, жалға қайық беретiн стансаларда және шағын кемелердiң тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауiпсiздiк сақтаудың тәртiбi iлiнуi тиiс. 
      1.9. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою қоймаларының түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзген кезде учаскелердi қоршап қоюға, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн су табанын тегiстеуге мiндеттi. 
      1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су спорты және құтқару стансаларының, жағажайлардың, жүзу әуiттерiнiң жұмыс сағаты жергiлiктi атқару органымен және осы нысандар бағынатын ұйымдар басшыларымен келiсе отырып белгiленедi. 
      1.11. Су қоймалары бетiнде дербес құтқару жабдығынсыз балық аулауға, аңшылық құруға тыйым салынады. 

             2. Жағажайларды, жүзу әуiттерiн және су жағасында 
             көпшiлiк демалатын орындарды пайдаланған кездегi 
                           қауiпсiздiк шаралары 

      2.1. Жағажайларға және су жағасында көпшiлiктiң демалуы үшiн бөлiнген орындарға қойылатын талап: 
      - суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аумағы "Елдi мекендер аумағын күтiп ұстаудың санитарлық ережесiне" және "Дене тәрбиесi мен спорт сабақтарын өткiзетiн орындарды құрып, күтiп ұстаудың санитарлық ережесiне" сәйкес келуi керек; 
      - су қоймасының түбi тығыз, жағадан бастап бiрте-бiрте еңiс тарта беретiн болуы, 1,75 м тереңдiкке дейiн және жағадан бастап есептегенде ең кемi 15 м белдеуде құламасыз, жарғабақсыз болып келуi, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегi, таскесек, шыны, шыны құты және өзге заттардан таза болуы тиiс (теңiз бен өзеннiң суға шомылатын айдын бетi бiр ересек адамға 5 шаршы м, балаға 4 м, ал тұйық суда 10-нан 15 шаршы метрге дейiн келуi керек); 
      - жағажайлар мен көпшiлiк демалатын орындар жергiлiктi атқару органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақаба сулар құйылатын тұстан кемi 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, пирстерден, кеме тоқтайтын жерлерден, паром өткелдерiнен және мұнай өнiмдерi сақталатын орындардан кемi 1000 м төмен орналасуы керек. Жағажайға құлайтын жер жайпақ болуы тиiс; 
      - су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, су үйiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секунтына 0,5 м-ден аспауы тиiс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерге оны бәсеңсiтетiн қосымша құралдар қондырылуы керек. 
      - су қоймасындағы судың сапасы мәдени-тұрмыстық су пайдалану пункттерiнiң су нысандарындағы судың құрамы мен айырым қасиетiне қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы керек. 
      2.2. Суға шомылатын орынның 1,2 - 1,3 тереңдiгiне су өлшейтiн шыбық шаншылады. 
      Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25 - 30 м қашықтықта және тереңдiгi 1,3 м болатын тұстан әрi 25 метрге дейiнгi жерде орналасатын сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуi тиiс. 
      2.3. Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзе алмайтындар шомылуға арналған балаларды жүзуге үйрету үшiн тереңдiгi 1,2 м аспайтын айдын бет учаскелерi жасалады. Аталған учаскелер темiр арқанға бекiтiлген желiсiмен бөлiнедi немесе арнаулы қашамен қоршалады. 
      2.4. Суға түсу тыйым салынған, соның iшiнде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тыйым салынады" деп жазылған белгiлер орнатылады. 
      2.5. Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына радио жүргiзiлуi және оларда мүмкiндiкке қарай телефон, радио байланысы болуы керек. 
      2.6. Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттi iшiмдiктер сатуға тыйым салынады. 
      2.7. Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қалқандар қойылады. Шеңберлерде "Суға кеткенге лақтыр" деген жазу (шеңбердiң бiр бетiнде) және жағажайдың аты (шеңбердiң екiншi бетiнде) жазылуы керек. 
      2.8. Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн кезекшi қызметкерлерi бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуде қажет құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс. 
      2.9. Көпшiлiк суға түсетiн орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуiттерiнде судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған материалдары бар стендiлер көрнекi жерлерге жабдықталып қойылады. 
      Қалқыма дабыл (буй), стендi және белгiлердi уақытылы орнату жауапкершiлiгi су қоймаларының су қоймаларының иелерiне жүктеледi және солардың қаржысына орнатылады. 
      2.10. Әр жағажайда ол жұмыс iстеп тұрған уақытта тәртiп қадағалайтын жағажай әкiмшiлiгiнiң өкiлi болуы керек. 12 жасқа дейiнгi балалар жағажайға тек ересектермен бiрге және олардың қадағалауымен жiберiледi. 
      2.11. Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кiр жууға, аң-құс шомылдыруға тыйым салынады. 
      2.12. Суға түсушiлерге:  
      - белгiнiң және қоршаудың сыртына жүзiп шығып кетуге; 
      - моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi  қайықтарға жақындап жүзуге; 
      - қайықтан, катерден, су белесебетiнен, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секiруге; 
      - мас күйде суға түсiп, шомылуға;                      
      - тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының резеңкесiмен, доппен және т.б. жүзуге; 
      - суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға;
      - жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге; 
      - су қоймаларын ластауға, қорқытпауға;      
      - жағада қағаз, банкi, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға қатаң тыйым салынады. 
      2.13. Жүзу сабақтары арнайы бөлiнген орындарда ғана өткiзiлуi тиiс. Суда адам қауiпсiздiгiн ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткiзушi оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиешi) жауап бередi. 
      2.14. Топтап жүзуге үйретуде бiр уақытта үйренушiлердiң саны 10 адамнан аспауы керек. Үйренушiлер тобына, оқытушыдан басқа, кезекшi құтқарушы мен медицина қызметкерi үнемi бақылау жасауы тиiс. 
      2.15. Судағы спорт түрлерiмен шұғылданушылардың баршасы құтқару әдiстерiне және зардап шегушiлерге дәрiгерге дейiнгi алғашқы жәрдем көрсетуге үйретiлген болуы жөн. 
      2.16. Биiктiгi 3 м және одан да жоғары суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және олардың көзiнше жүргiзiледi. 
      2.17. Жыл сайын суға түсу маусымы алдында, сонан соң айына кемi бiр рет шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуiршiлер тексерiп шығып, болса көлденең заттардан тазартылу керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерi немесе су қоймасы бекiтiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндетiне кiредi. 
      Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын сүңгуiршiлер Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару орталығы суда құтқару қызметiнiң облыстық (қалалық) бөлiмшелерiмен жасасқан келiсiм шарттарға сәйкес жүргiзедi. 
      Жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырыс берушiге жағажай төлқұжаты табыс етiледi. 
      Тиiстi дәрежеде рәсiмделген құжаттары жоқ жағажай тексерiлмеген, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi деп есептеледi, ал оларды пайдалануға жол берiлмейдi. 

            3. Суда балалар қауiпсiздiгiн қамтамасыз 
                          ету шаралары 

      3.1. Суда балалар қауiпсiздiгiн сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi және оған мынадай алдын алу - түсiнiк шаралар кешенiн өткiзу арқылы қол жеткiзiледi: 
      - суға түсетiн жерлердi дұрыс таңдау; 
      - балаларды жүзуге үйрететiн су айдыны учаскелерi мен жағажайларды жабдықтау; 
      - ведомстволық күзет орындары мен медициналық пункттер ашу; 
      - балаларды жүзуге үйрететiн сабақтар ұйымдастыру; суда өзiн-өзi ұстау және су нысандарын пайдалану барысында сақтық шараларын сақтау тәртiбi туралы жүйелi түсiнiк жұмысын жүргiзу. 
      3.2. Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайларында суға түсетiн жерлерде 9-жасқа дейiнгi балаларды суға түсiрiп, жүзуге үйрету үшiн тереңдiгi 0,7 м аспайтын, сондай-ақ 9 - 11 жастағы және жүзе бiлмейтiн ересек балаларға арнап 1,2 м-ден терең емес су учаскелерi жасалуы керек. 
      9 жасқа дейiнгi балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетiне шығып тұратын биiктiгi кемi 80 см келетiн қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшiн темiр арқанға бекiтiлген қалтқы желiмен тартылып тасталады. 
      Тереңдiгi 2 м дейiн баратын жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе бiлетiн балаларға рұқсат етiледi. Бұл тереңдiктер бiр-бiрiнен 20 - 30 м қашықтықта орналасқан белгiлермен қоршалады. 
      3.3. Мектеп лагерiнiң, балалар мекемесiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға жауап берiп, абаттандырылып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, көлеңкелi қалқалармен жабдықталуы керек. 
      3.4. Балалар жағажайын ашуға оны жергiлiктi әкiмшiлiк Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Суда құтқару орталығының суда құтқару қызметi өкiлдерiнiң қатысуымен құратын арнаулы комиссияның тексеруiнен соң ғана рұқсат берiледi. Тексеру жөнiнде арнаулы акт жасалады. 
      3.5. Суға шомылу кезiндегi балалар қауiпсiздiгiнiң жауапкершiлiгi жүзу жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi. 
      3.6. Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бiрге, жүзе алатын ересектердiң қадағалауымен 10 минутке рұқсат берiледi. 
      3.7. Жүзе бiлмейтiн балалар суға жүзе бiлетiн балалардан бөлек түсуi керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерiнiң не мекемесiнiң жетекшiсi ұйымдастырып, бақылау жасайды. 
      3.8. Шомылу медицина қызметкерiнiң және жүзе бiлетiн, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылуға әдiстемелiк басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды. 
      3.9. Сабақ жүргiзу ыңғайлы болуы үшiн жағалаудың суға енiп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады. 
      3.10. Балалар суға түсiп жатқанда бүкiл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруiне, шомылуына және қайықпен, катермен серуендеуге, ойын, спорт шараларын өткiзуге тыйым салынады. 
      3.11. Жорық, серуен және экскурсия кездерiнде балалардың шомылуы үшiн түбi жайпақ, дiңгек, түбiртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза таяз тұстар таңдап алынады. Ондай жерлердi сүңги бiлетiн, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдiстерiне ие ересектер тауып, тексеруден өткiзедi. 
      Шомылу аймағының шекарасы белгi, сайғақ, сырықпен және өзге де бейiмделген нәрселермен белгiленiп қойылады. 
      Шомылу ересектердiң бақылауымен барша сақтық шараларын сақтай отырып жүргiзiледi. 
      3.12. Қайықпен, катермен серуендеу ересектердiң басшылығымен өтедi. Катер және моторлы қайықтарды жүргiзуге жүзбелi құралдарды дербес басқаруға берiлген арнайы құқы бар адамдар ғана жiберiледi. 
      3.13. - катерге, қайыққа белгiленген нормадан артық жүк алуға; 
      - ересектердiң ерiп жүруiнсiз 16-жасқа дейiнгi балаларды серуендетуге; 
      - 7 жасқа толмаған балаларды серуендетуге; 
      - қайықтан суға секiруге, онда тұрып шомылуға; 
      - катер, қайық жүрiп келе жатқанда оның жиегiне отыруға, орын ауыстыруға, өзге катер, қайыққа ауысып отыруға болмайды. 
      Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиiс. 
      3.14. Қараңғы түсiсiмен жағажай әкiмшiлiгi жағалауды сүзiп шығу үшiн патруль (кезекшi, жауапты адам) бөлуге мiндеттi. 

            4. Су өткелдерiн пайдалануда қолданылатын 
                       қауiпсiздiк шаралары 

      4.1. Су өткелдерiн жасауға рұқсатты жергiлiктi әкiмшiлiк бередi, ол өткелдiң жұмыс ретiн, сондай-ақ уақыты мен сағатын белгiлейдi. 
      4.2. Өткел аялы, паром және тасымал катерi құтқару құралдарымен жабдықталуы керек. Күннiң қараңғы мезгiлдерiнде оларда белгi оттар жағылуы тиiс. 
      4.3. Өткелдiң әр аялында суға батқандарға алғашқы жәрдем көрсете алатын кезекшi және құтқару мүкәммалы (құтқарушы шеңбер, құтқарушы жiп ұшы, сырық) бар құтқарушы шлюпка (қайық) тұруы тиiс. 
      4.4. Өткел аялына мықты ернеу жүргiзiледi. Оған түсетiн жер жайпақ болуы керек. 
      4.5. Аялға жолаушылар мен машиналарды кiргiзiп, шығарып тұруды өткел әкiмшiлiгi жүргiзедi. 
      4.6. Өткел аялдарында (өзеннiң екi бетiнде) көрнекi жерлерге бекеттiң кiмге тиесiлiлiгi, жауапты адамы, өткелдiң жұмыс уақыты мен ретi туралы ақпарат жазылған нұсқамалар iлiнедi. 
      4.7. - Паромдарға, моторлы және ескектi қайықтарға жақындап жүзуге; 
      - аялдан, паром, катер, қайық, шлюпкадан суға қарғуға; 
      - паром, катер, шлюпка, қайықтарға артық жүк тиеуге; 
      - мас күйде жүзбелi құралдарды жүргiзуге; 
      - катер мен қайықта жүрiп-тұру тәртiбiн бұзуға; 
      - паром мен тасымал катерi жүрiп келе жатқанда жолаушыларды ауыстырып-қағыстыруға; 
      - құтқару құралдары жоқ жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. 

             5. Мұз өткелдерiн пайдалануда қолданылатын 
                        қауiпсiздiк шаралары 

      5.1. Қыс басында, қыс аяғында мұз өткелдерiн ашу және жабу уақытын, сондай-ақ оның тәулiктiк жұмыс кестесiн жергiлiктi әкiмшiлiк өз өкiлдерi, өткелге жауапты ұйымның, ауа райы қызметiнiң, iшкi iстер органдары, суда құтқару қызметтерiнiң және өзге де ынталы ұйымдардың өкiлдерiнiң қатысуымен тағайындайтын арнаулы комиссия белгiлейдi. 
      5.2. Өзен, су қоймалары үстiмен адам және жүк тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мұз ұстасқаннан кейiн мұз үстiнде жаяу соқпақ, авто және арба көлiгi өтетiн жол салады, қажеттi құтқару жабдығы мен мүкәммалы бар ведомстволық құтқару күзеттерiн құрады. 
      5.3. Өткел үшiн бөлiнген орындар мына шарттарға сай болуы керек: 
      - өткелдiң кiрме жолдары мен еңiстер абаттандырылуы тиiс; 
      - өткелдiң екi бетiнде, оның ұзына бойынан есептегенде 20 м жерде мұзарт шоғырланып қалуына және су деңгейiнiң кенет орта түсiп, не көбейiп кетуiне жол берiлмейдi; 
      - өткел бойының мұзы басынан аяғына дейiн шыңылтыр қатты, әрi қалыңдығы бiркелкi болуы тиiс; 
      - өткел ауданында (одан оң және сол жаққа 100 м дейiнгi жерде) жер асты жылы суы және қайнар су көзi (бастау, бұлақ), сондай-ақ ойық, жылым кездеспеуi керек; 
      - авто және арба көлiгi өтетiн даңғылдағы қозғалыс тек бiржақты болады, қарсы қозғалыс үшiн алдыңғы жолға қаз-қатар, одан 40-50 м аралықта дербес жол салынады. 
      5.4. Өткелдерде кәсiптiк мақсатта балық аулау үшiн ау салуға, балық аулайтын ойық оюға, тексерiлмеген және күзетiлмейтiн тұстардан өтуге қатаң тыйым салынады. 
      5.5. Көлiк қозғалысының тәртiбiн, жүк және жолаушы тасымалы нормасын ауа райы қызметiнiң мұз ұстасу хақындағы болжамдарын, мұз көтеретiн салмақтың жоғары шегiнiң кестелерiн ескере отырып өткел әкiмшiлiгi белгiлейдi. 
      5.6. Өткелдiң жабдықталуы және күтiмi: 
      - өткелге лайықталған тұстың шекарасы бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта орналасқан сайғақтармен белгiленедi. Сайғақтарға қызыл жалау, жәлем немесе шөп шудасы iлiнедi. 
      - өткелде қауiпсiздiк сақтау мақсатында құрамында мұз үстiндегi апат жағдайында көмек көрсетуге қабiлеттi теңiзшi-құтқарушылар бар ведомстволық құтқару күзетi қойылады; 
      - өткелде тәулiк бойы кезекшiлер болуы керек; 
      - өткел аузына өткелден өту құқы бар көлiк түрлерi, рұқсат етiлетiн ең жоғары салмақ, қозғалыс интервалдары мен жылдамдығы, мұзда өзiн-өзi ұстау тәртiбi, сондай-ақ басып озуға, көлiктiң аялдауына тыйым салатын белгiлер туралы ақпарат жазылған арнаулы қалқан қойылады; 
      - өткелдiң кiрме жолының бойы және өткелдердiң өзi жақсы жарықтандырылуы керек; 
      - қозғалыс үшiн қауiптi орындарда, әсiресе елдi мекендер маңында, ойық, жылым, т.б. тұсында ең көрнекi жерлерге "Мұз үстiмен өтуге рұқсат" және "Мұз үстiмен өтуге тыйым салынады" деп жазылған ескертпе белгiлер қойылады; 
      - су қоймасының өткелге түсер ауызының екi бетiне құтқару шеңберлерi, арқан, құтқару сатылары мен тақтайлары iлiнген қалқандар қойылады. Оның әрқайсысына "Суға батқан адамға жеткiз" деп жазылады. Қалқанның жанында мұз ойылып кеткен жағдайда жәрдем көрсету үшiн ұзындығы 5-6 м, диаметрi 10-12 см бөрене жатуы керек; 
      - күн сайын таңертең және кешкiлiк, ал жылымық күндерi күндiзгi уақытта мұздың қалыңдығы өлшенiп, оның бүкiл жол бойындағы, әсiресе ағыны қатты, терең тұстардағы құрылымы анықталады; 
      - мұз ерiп, салмақтан ойылып кетпеуi үшiн мұз жолының көлiк өтетiн тұсы жүйелi түрде қардан тазартылып, ал кiрме жолға дүркiн-дүркiн құм, қиыршық тас төселiп отырады. 
      5.7. Көктем кезiнде немесе күн өте жылып кеткенде ауыр жүктердi су жолы арқылы түнгi, таңертеңгi аязда тасымалдау керек. Өткел арқылы өтетiн жүк көлемiн екi есе азайту ұсынылады. 
      Өткел арқылы өткiзу мұз бетiнде қызыл су жүре бастағаннан кейiн 4-5 күннен соң тоқтатылады. Мұз берiктiгiн күшейтуде сабан, шөп, қурай сияқты заттарды пайдалануға болмайды. 
      Мұз өткелi уақытша немесе бiржола жабылған жағдайда көрнекi жерге мұз үстiне шығуға тыйым салатын белгiлер орнатылады.      

           6. Сырғанақ және ойын алаңдарын жасау

      6.1. Мұз үстiнде сырғанақ және ойын алаңдарын жасаған кезде тереңдiгi 100-120 см-ден аспайтын тұстар таңдап алынады. Сырғанақ (ойын алаңы) ауданындағы мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек. 
      6.2. Сырғанақ аумағы сайғақпен қоршалады. Сырғанақ маңына құтқару құралдары (арқан, тақтай, саты, т.б.) iлiнген қалқан орнатылады. 
      6.3. Сырғанақта тұрақты кезекшiлiк ұйымдастырылады. 
      6.4. Сырғанақ және ойын алаңдарын:                   
      - өнеркәсiп кәсiпорындардың ақаба суы құйылатын тұс маңында;    
      - ағысы қатты жерлерде;
      - суға қатып қалған заттары бар, қамыс, құрақ, т.б. өскен учаскелерде; 
      - мұз астынан балық аулайтын, мұзы ойылатын учаскелерде;   
      - жылым, бұлақ, бастау маңында;                
      - көпiр астында, бұрылыстарда және қылта жерлерде жасауға тыйым салынады. 

           7. Мұзда қауiпсiздiк сақтаудың жалпы шаралары

      7.1. Қатқан суларды арнаулы мұз өткелдерi (жаяуларға және авто, арба көлiкке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етiледi. 
      Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. Мұздың берiктiгiн ағаш келдектi сүйменмен ұрып байқау ұсынылады: қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды. 

      МҰЗ БЕРIКТIГIН АЯҚПЕН ҰРЫП БАЙҚАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 

      7.2. Әлсiз мұз үстiмен жүруге, мұзы шытынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстiне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды. 
      7.3. Өзендi (су қоймасын) мұз үстiмен тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек. 
      Қызыл су жүре мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады. 

            8. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларын 
               (пункттерiн) құру, күту және пайдалану 

      8.1. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларды (пункттердi) құруға және пайдалануға беруге Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару орталығымен, мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарымен алдын ала келiсе отырып жергiлiктi әкiмшiлiк рұқсат етедi. 
      8.2. Қайық тұрағы құтқару шеңберлерiмен (тұрақ желiсiнiң әр 10 м-не бiр шеңберден), өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндiретiн мүкәммалмен жабдықталуы керек. 
      8.3. Жалға беретiн пункт тұрған судың айдын бетi шегiнен жалдық жүзбе құралдарды шығаруға болмайтын қалқыма белгiлермен белгiленедi. 
      8.4. Әрбiр жалға беру стансасының жанынан құтқаруға арналған керек- жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, сондай-ақ радиохабар қондырғысы орнатылған кезекшi қайыққа ие құтқару күзетi құрылады. 
      8.5. Жалға берiлетiн жүзу құралы мiндеттi түрде ақаусыз болып, ескек iлмегi, құрал байлап қоятын жiп, су қотаратын ожау және құтқару керек-жарағы комплектiлерiмен жабдықталуы керек. 
      8.6. Жалға беру стансаларының кассалары мен демалушылар жайғасатын орындықтар жағада орналасады. Қайыққа мiнгiзiп-түсiретiн орын оларды күтiп тұратын жерлерден бөлек болады. Мiнгiзiп-түсiру жалға беру стансасының кезекшi-құтқарушысының бақылауымен жүргiзiледi. 

            9. Топырақ алу жұмыстары кезiнде адамдардың 
                  қауiпсiздiгiн сақтау шаралары 

      9.1. Өзен, көл және өзге нысандары жағалауына тақау тұста, әсiресе көпшiлiк суға түсетiн орындарда топырақ алу жұмыстары жергiлiктi әкiмшiлiкпен, өзен флотының, Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Суда құтқару орталығының тиiстi бөлiмшелерiмен және өзге де ынталы ұйымдармен келiсе отырып жүргiзiлуi тиiс. 
      9.2. Су толған қазаншұңқырлар маңындағы адам қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ету жұмыс аяқталғанша топырақ алуды жүргiзушi ұйымның басшысына жүктеледi. 
      9.3. Су толған қазаншұңқырлардан топырақ алу аяқталғаннан кейiн жағалаудан 1,7 м тереңдiкке дейiнгi су табанын тегiстеу жүргiзiледi. 
      Көпшiлiк демалатын орындардағы шағын қазаншұңқырлар топырақ алуды жүргiзген кәсiпорын, ұйым тарапынан бiтелуi (тегiстелуi) керек. 

            10. Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаты 

      10.1. Судағы қауiпсiздiк белгiлерi су нысандары жағалауына су жиегiнде және суда жүрген азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында орнатылады. 
      10.2. Белгiлер әр бетi кемi 50 х 60 см болып келетiн тiкбұрыш пiшiндi болып келедi және ағаш тақтайдан, қалың фанерден, металл тiлсемнен немесе басқа да берiк нәрседен жасалады. 
      Белгiлер көрнекi жерлерге қойылады және жерге қадалған бағаналарға (ағаш, металл, темiрбетон, т.б.) бекiтiледi. Бағаналардың жер бетiнен биiктiгi кемi 2,5 м болуы керек. 
      10.3. Белгiлерге жазу қара немесе ақ бояумен түсiрiледi. 
      10.4. Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаттамасы: 
 

                                                                      --------------------------------------------------------------------
N |    Белгiдегi жазу     |         Белгiнiң жалпы түрi            
---|-----------------------|----------------------------------------
  1.  Суға түсетiн орын        Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде 
      (метрмен өлшенгендегi    орналасады. Төменде жүзiп келе жатқан
      шекарасы көрсетiледi)    адам бейнесi. Белгi ақ бағанға       
                               бекiтiледi.                          
 
                                                                     2.  Балалар суға түсетiн     Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде
      орын        (метрмен     орналасады. Төменде су iшiнде тұрған
      өлшегендегi шекарасы     екi баланың бейнесi. Белгi ақ бағанға
      көрсетiледi.             бекiтiледi.                          
 
                                                                       3.  Жануарлар суға түсетiн   Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде.
      орын        (метрмен     Төменде жүзiп келе жатқан ит бейнесi.
      өлшегендегi шекарасы     Белгi ақ бағанға бекiтiледi.        
      көрсетiледi).                                                                      

  4.  Суға түсуге болмайды     Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде.
      (метрмен өлшенгендегi    Төменде жүзiп келе жатқан адам      
      шекарасы көрсетiледi)    бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол       
                               бұрыштан бастап қызыл белдеумен     
                               айқара сызылады. Белгi қызыл бағанға
                               бекiтiледi.
  5.  Сүңгуге болмайды         Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде.
                               Төменде сүңгiп бара жатқан адам      
                               бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол        
                               бұрыштан бастап қызыл белдеумен      
                               айқара сызылады.                     
 
                                                                     6.  Жүзбе құралдардың        Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. Қызыл
      жүруiне болмайды.        қоршауға алынады. Жазу үстiнде,    
                               төменде iлме моторлы шағын кеме      
                               бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол        
                               бұрыштан бастап қызыл белдеумен      
                               айқара сызылады. Жүзiп келе жатқан   
                               адам бейнесi. Жағажайдың айдын бетiн 
                               қоршайтын белгiлермен қатар қойылады.
  7.  Мұз үстiмен жүруге       Тұтастай жасылмен боялады. Жазу      
      болады.                  ортасында, ақ түстi. Белгi ақ бағанға
                               орнатылады.
  8.  Мұз үстiмен жүруге       Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу  
      болмайды.                ортасында, ақ түстi. Белгi ақ бағанға
                               орнатылады.

           11. Қазақстан Республикасының iшкi сулары мен теңiз
             жағалауына тақау учаскелерде адам өмiрiн қорғау
                тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      11.1. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн тәртiпке шақыру, материалдық және әкiмшiлiк жауапқа тарту белгiленедi. 
      11.2. Осы Тәртiп талаптарының орындалуына бақылау жасау жергiлiктi әкiмшiлiк органдары мен Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Суда құтқару орталығының бөлiмшелерiне жүктеледi. 
      11.3. Суда адам өмiрiн қорғау Тәртiбiнiң орындалуына бақылау жасау өкiлеттiлiктерiн жүзеге асыру үшiн Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң Суда құтқару орталығы қызметкерлерiне: 
      - меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарға суда қауiпсiздiк талаптарын және нормалық-құқықтық, нормалық-техникалық актiлердi сақтау шараларын бұзу фактiлерi бойынша орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберу; 
      - көпшiлiк пайдаланатын су нысандарына, судағы көлiк құралдары мен өткелдерге келiсiм-шарт негiзiнде техникалық куәландырулар жүргiзу, оларды пайдалануға тыйым салу, азаматтар, меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар мен кәсiпорындарға олар қауiпсiздiк ережесiн бұзған жағдайда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк шара қолдану; 
      - суда төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды талдап жасап, өткiзу бойынша меншiктiң барлық түрiне жататын ұйым, кәсiпорындардың ведомстволық құтқару стансалары мен күзеттерi қызметiне бақылау жасау; 
      - штормдық ауа райы қарсаңында және суға түсуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықтың ерiп жүруiнсiз шығып кеткенде барлық шағын кемелердi айлақ-тұрағына қайтару құқы берiледi. 
      11.4. Құтқару қызметi өкiлдерiнiң суда қауiпсiздiк сақтау шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, жүзу әуiттерi, басқа да су нысандары әкiмшiлiктерi үшiн; соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшiн; шағын кемелердi жүргiзушiлер үшiн, сондай-ақ меншiктiң қай түрiне жататындығына қарамастан ұйымдардың басшыларына мiндеттi болып табылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады