"Қазақстан Республикасының жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулысына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Мүлік және Жекешелендіру Департаменті 1998 жылғы 30 наурыз N 154 қаулы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 82. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысын іске асыру және акциялардың мемлекеттік пакеттерін неғұрлым ұтымды сату мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 09.04.96 ж. N 134, 12.02.97 ж. N 79 және 28.07.97 ж. N 381 қаулыларына енгізілген өзгерістермен және қосымшалармен қоса, аукциондарда мемлекеттік акциялардың пакеттерін сатудың тәртібі туралы Ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      - 1.2. бабындағы 1.2.2. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1.2.2. Акциялардың мемлекеттік пакеті аукционға тұтастай, бір лотомен шығарылады және сату сауданың ағылшындық әдісімен жүзеге асырылады. Бұл пакет екінші аукционға шығарылған кезде сату сауданың голландтық әдісі бойынша тұтастай бір лотомен жүзеге асырылады. Үшінші және одан кейінгі аукциондарға шығарылған кезде мемлекеттік акциялардың пакеті Сатушының шешімі бойынша АҚ жарғылық капиталының 10 %-інен аспайтын лотоларға бөлшектелуі мүмкін және оны сату сауданың голландтық әдісі бойынша жүзеге асырылады."
      2. Шаруашылық серіктестіктерін жекешелендіру басқармасының бастығы аталған өзгерістерді облыстар бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеттердің назарына жеткізсін және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.    

      Директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады